№1 ALMATY KAZAKH STATE
HUMANITARIAN - PEDAGOGICAL COLLEGE

"Independence shakes the happiness of our country"

Оқу орнында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің
30жылдығына орай «Еліміздің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты салтанатты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Шараның шымылдығын колледж директоры М.Т.Мендгазиева кіріспе сөзбен ашып, ұстаздар қауымын,студент-жастарды еліміздің басты мерекесі- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен арнайы құттықтап, Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріне табыс,
барлық бастамаларға сәттіліктер тіледі.
Студент -жастарды рухы биік,өз елінің патриоты болуға шақырды. Білім саласында қол жеткізген жетістіктері үшін бірнеше ұстаздарды және оқу мен спорт саласында аудандық, қалалық жарыстарда жүлделі болған колледж студенттерін алғыс хаттармен марапаттады.
Салтанатты шараның екінші бөлімінде оқу орнында көп жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан ардагер ұстаз,топ жетекшісі
Ұлман Жұмағазықызының ұйымдастыруымен «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 41д тобының студент-жастары Қазақстанның егемендік жолындағы игі істері мен Тәуелсіздігіміздің қалыптасу кезеңі туралы «Ғасырмен сұхбат» тақырыбында тарихи сахналық қойылым көрсетті. Тағылымы мол, мазмұны терең мерекелік шараның білім ордасы жастарына үлгі-өнеге болары анық. Халқымыз аман болып, Тәуелсіз еліміз мәңгі жасай берсін! Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!

№1 ALMATY KAZAKH STATE HUMANITARIAN - PEDAGOGICAL COLLEGE

© 2021. All rights reserved.