№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

Директордың алғы сөзі

Мендгазиева Магишат Таскалиевна

№1 Алматы қазақ мемлекеттік  гуманитарлық – педагогтік колледж директоры

"ҰСТАЗ БОЛУ ӨЗ УАҚЫТЫН АЯМАУ, ӨЗГЕНІҢ БАҚЫТЫН АЯЛАУ"
ЖАН  -  ЖАК - РУССО

Телефон:

+7 (727) 290-04-86   +7 (727) 278-56-84

Электронды пошта:

Pedkol1@list.ru

Мендгазиева Магишат Таскалиевна

№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық – педагогтік колледжінің директоры

Жалпы ақпарат, білім

Мендгазиева Магишат Таскалиевна 1972 жылы 8 қаңтарда Атырау облысы Теңіз ауданы Орлы ауылында туылған.

Білімі - жоғары

1995 ж. - Қазақ Мемлекеттік Әлем Тілдері Университеті;

2020 ж. - Шымкент қаласы, Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті «Педагогика және психология» .

Мамандығы бойынша біліктілік

Француз тілі пәнінің мұғалімі;

Педагогика ғылымының магистрі;

Мансап

28.08.1995 - 29.05.2006 ж., Француз тілінің оқытушысы, №1 Алматы педагогикалық колледжі

01.06.2006 - 01.09.2014 ж., Директордың сырттай оқу бөлімі жөнінен орынбасары, №1 Алматы қазақ педагогтік колледжі

01.09.2014 - 31.08.2018 ж., Сырттай оқу бөлімінің меңгерушісі, №1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық – педагогтік колледжі

01.09.2018 - 20.09.2020 ж., Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, №1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық – педагогтік колледжі

21.09.2020 ж., Директор, №1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық – педагогтік колледжі

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК  ГУМАНИТАРЛЫҚ – ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!  

           Тәуелсіздік қазақ халқының басты құндылығы болса, оның ең негізгі тірегі – қазақ тілі екендігінде еш күмән жоқ. Сол тілді жандандырып, жастарымызға ана тілінде тәлім – тәрбие беріп отырған оқу орнының өзінше ролі жоғары деп санаймын.

  Егемен елдің ертеңін ойлайтын нағыз елжанды қазақ жастары төл оқу орындарында ғана тәрбиеленбек.  Біздің колледж отандық білім беру жүйесінің сапасын көтеруге өзіндік мол үлесін қосып келеді. Колледжіміздің республикамыздағы қазақ мектептерін сапалы мамандармен қамтамасыз етудегі  білім беру жүйесіндегі қызметін  мақтанышпен айтуға тұрарлық.             

         Бүгінгі таңда  колледж  балабақша тәрбиешілері және бастауыш саты мұғалімдерін даярлаумен бірге  негізгі мектеп үшін қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, информатика және дене шынықтыру пәндері мұғалімдерін даярлап, ұлт алдындағы міндеттерін абыроймен атқарып келеді. Оның айғағы ретінде білім беру ұйымдарының қазіргі таңда колледж мамандарына деген жоғары сұранысы мен жағымды көзқарасын айтуға болады. Сонымен бірге, колледжде  «Балабақша тәрбиешісінің көмекшісі» жұмысшы мамандарын дайындау қолға алынды.   

          Биылғы оқу жылында колледжіміздің жанынан 4 қабатты оқу ғимараты, 4 қабатты студенттер жатақханасы  жеке асхана, спортзалының  ғимараттары салынып, пайдалануға берілді.

          Оқу орнының негізгі нәтижесі  түлектері туралы қоғамдық пікірдің оң болуы, еңбек нарығында сұранысқа ие болуы    колледж ұстаздарының  ерен еңбектерінің жемісі.

             Қадірлі ұстаздар! Ұлағатты ұлылық пен білімнің тұнығын шәкірт жүрегіне сіңіріп, дарындылықты дамытудағы еңбектеріңіз жана берсін!

             Құрметті  талапкерлер!  осы оқу орынында жасалып жатырған істердің барлығы Сіздердің болашақтарыңыз үшін жасалатын игіліктер. Сіздерге ұстаз дәрісін бойларыңызға сіңіріп, өз мамандықтарыңыздың білікті маманы болуларыңызға тілектеспіз!

          Жеке блогыма қош келдіңіз! Бұл блоктың негізгі мақсаты – интернет желісіндегі әр адамға колледж қызметі бойынша қызықтыратын сұрақтарына сапалы және қажетті ақпарат беру. Сонымен қатар блок оқырмандарынан кері байланысты күтеміз. Жазыңыздар, өз ойларыңызбен бөлісіңіздер, ұсыныс беріңіздер. Барлық берілген сұрақтарға міндетті түрде жауап беріледі.

Cтуденттер және ата- аналарды қабылдау  күндері:

Сәрсенбі 14.00 – 15.00
Жұма 11.00 – 12.00

Сұрақ жауап:

Add question

List a question

  • Жулдыз
    2022-11-22 21:57:30
    avatar
    Здравствуйте, мы переехали из ВК . Дочка закончила 1 курс. Хотели бы перевестись к Вам на 2 курс (на платное отделение). Есть ли места ? . (специальность каз.яз. и литература.)
    Ответ
    avatar
    Здрвствуйте.

    По переводам приходите в колледж в учебный отдел после 20 августа

  • Ерлан
    2022-11-22 21:57:13
    avatar
    Саламатсыз ба мен дене тарбиесы мұғалімі оқуына түсейін деп едім қалай түсуге болады қашан құжат қабылдау бітеді
    Ответ
    avatar
    Сәлеметсіз бе.

    «Дене шынықтыру және спорт» мамандығына құжаттарды 19 шілдеге дейін қабылданады.Құжаттар электронды түрде gz.bilimalmaty.kz веб-платформасы арқылы қабылданады.

  • Абилханова Жайнарай
    2022-11-22 21:56:47
    avatar
    Саламатсыздарма

    Колледжге 10 сыныптан кейін оқуға қабылдайдыма?
    04.07.2022ж жазып отырмын
    Қай кезден бастап оқуға қабылдайды
    Жатакханасына егер грантпен оқыған жағдайда тегін жата аламынба, әлде ақшалай боладыма? Және қаншамен жатамын?
    Оқуға түсу үшін арнайы тест тапсырмаларын тапсырамынба?
    Сіздермен жеке сөйлесе алуым үшін телефон номерін жазып жіберсеңіздер...
    Ответ
    avatar
    Сәлеметсіз бе.

    Ия, қабылданады. Құжаттар электронды түрде gz.bilimalmaty.kz веб-платформасы арқылы қабылданады. Оқуға түсу үшін  арнайы емтихан тапсырасыз. Жатақхана студенттердің әлеуметтік және аймақтық жағдайын ескеріп беріледі. Жатақханада жататын студенттер коммуналдық төлем жасйды.

  • Толкын
    2022-11-22 21:56:06
    avatar
    Сәлеметсіз бе. Сіздің колледжден 2 мамандык таңдауға болады ма? Әлде 1 колледжден 1 ғана мамандык таңдай алады ма абитуриент. Мысалы: орыс тілі және ағылшын тілі деп
    Ответ
    avatar
    Сәлеметсіз бе.

    Құжаттар электронды түрде gz.bilimalmaty.kz веб-платформасы арқылы қабылданады. Бірнеше мамандық және колледж таңдауға болады.

  • фазиля
    2022-11-22 21:55:38
    avatar
    сәлеметсіз бе? мен сіздерге биыл түсуші түлектің ата анасы едім. сізбен жеке кездесуге болады ма?
    Ответ
    avatar
    Сәлеметсіз бе.

    Ата –аналарды кестеге сәйкес қабылдау қарастырылған:

    сейсенбі күні 11.00. ден 13.00 ге дейін, бейсенебі күні 15.00 ден 17.00 ге дейін.

  • Ляззат
    2022-11-22 21:55:08
    avatar
    Биылғы 2022-2023 оқу жылына құжаттарды оқуға түсу үшін қандай құжаттар қабылданады және қашан?? Ағылшын тілі мамандығына грант қарастырылғанба
    Ответ
    avatar
    Сәлеметсіз бе.

    2022-2023 оқу жылына мамандықтарға мемлекеттік тапсырысты (грант) конкурс негізінде  аламыз. Конкурстың нәтижесі сәуір –мамыр айларында шығады. Құжаттар электронды түрде gz.bilimalmaty.kz веб-платформасы арқылы 25.06.2023ж бастап қабылданады. 2022-2023 оқу жылына  қабылдау туралы жаңалықтарды колледж инстаграмм парақшасынан (pedcollege1) және колледждің ресми сайтынан (www.pedkol1.edu.kz ) көре аласыз.

  • Urzia
    2022-04-11 15:11:51
    avatar
    Сәлеметсізбе? Мен 2017ж. Магистратураны аяқтадым. Жұмысқа бос орын барма? Мен үміткермін. Жаратылыстану ғылымының магистрімін.
    Ответ
    avatar
    Cәлеметсізбе.

    Аталған вакансия бойынша бос орын жоқ.

    Бос вакансияларға «Еңбек kz» платформасында конкурс жарияланады.

  • Кожатбаева Акорал
    2022-04-11 15:11:05
    avatar
    Сәлеметсізбе!?, Ағылшын мұғалімі немесе аудармашы мамандығы бойынша гранттар бөлінедіме, 9 сыныптан кейін, және оған мемлекет тарарынан стипендия төленедіме
    Ответ
    avatar
    Cәлеметсізбе.

    9 сынып білім көлемінде «Шетел тілі мұғалімі» біліктілігі мемлекеттік тапсырыс бойынша оқытылады. «Аудармашы» біліктілігі коммерциялық бөлімде ақылы оқытылады.

  • Санаева гаухар
    2022-04-11 15:10:23
    avatar
    Электронды почтасы керек болды колледждеріңіздің.
    Ответ
    avatar
    Сәлеметсізбе

    pedkol1@list.ru

  • Кілім Балжан
    2021-11-14 13:41:11
    avatar
    Саламатсызба, менің сұрағым
    Мен 2021 ж - Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетін "Педагогика және психология" мамандығы бойынша аяқтаймын. Сіздерге жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар ма?
    Ответ
    avatar
    Сәлеметсізбе

    Электрондық еңбек биржасына тіркеліп,  резюме салыңыз.Сілтемесі  https://www.enbek.kz

  • Косалиева Айгерим Аскаткызы
    2021-11-14 13:40:57
    avatar
    Саламатсыз ба сыздерде грант барма сынылымды сыздердын колледждерынызге округа тусирейын деп едим коп балалы отбасыларга колледждерынызге кандай женылдыктер бар
    Ответ
    avatar
    Сәлеметсізбе

    БжҒМ  №578 бұйрығы негізінде 2021-2022 оқу жылына талапкерлердің өтінішін қабылдау Алматы қаласы Білім басқармасының gz.bilimаlmaty.kz веб сайты арқылы жүргізілді. Осы сайтқа тіркеліп, өтінішіңізді қалдырасыз.

  • Халтаева Гульбахт Тургынбаевна
    2021-11-14 13:40:41
    avatar
    Сәлеметсізбе? Мен 2017ж. Магистратураны аяқтадым.Жұмысқа бос орын барма? мен үміткермін.
    Ответ
    avatar
    Сәлеметсізбе

    Электрондық еңбек биржасына тіркеліп,  резюме салыңыз.Сілтемесі  https://www.enbek.kz

  • окенова айжан
    2021-11-14 13:40:25
    avatar
    осы сайтта тиркелуге болама немесе колледжге бару керек па?
    Ответ
    avatar
    Сәлеметсізбе

    БжҒМ  №578 бұйрығы негізінде 2021-2022 оқу жылына талапкерлердің өтінішін қабылдау Алматы қаласы Білім басқармасының gz.bilimаlmaty.kz веб сайты арқылы жүргізілді. Осы сайтқа тіркеліп, өтінішіңізді қалдырасыз.

  • Құмархан Наурыз
    2021-11-14 13:40:10
    avatar
    Сәлеметсіз бе.2 курстан түсуге болама.Менің мамандығым тренер мамандығы.Колледжде грант бар ма?
    Ответ
    avatar
    Сәлеметсізбе

    Мемлекеттік тапсырыс бойынша бірнеше мамандықта грант бар.  Сізде 2 курстан кейін ақылы бөлімге ауысу мүмкіндігі бар. Барлық сұрақтарыңызға жауапты оқу бөлімінен аласыз. Телефоны 8-727 -393 30-77            

  • Аманкелди Шуленбаев
    2021-11-14 13:39:55
    avatar
    Сиздерге кызым Абилгазы Акеркенин документин он-лайн тапсырып едик жауап жок биз тапсырган кун 26.06.2021 адам толып кетсе кайтадан документин кабылдамай коймай ма
    Ответ
    avatar
    Сәлеметсізбе

    Өтінішті онлайн  gz.bilimаlmaty.kz веб сайты арқылы тіркесеңіз, осы сайтта талапкерге жеке кабинет ашылады. Сол жерге  өтініштің қабылдануы, не қабылданбауы туралы хабарлама келеді.

  • Құмархан Наурыз
    2021-11-14 13:39:37
    avatar
    Сәлеметсіз бе мен Өскемен қаласында Абай атындағы гуманитарлық колледжде оқимын сіздердің колледждеріңізге 2 курстан ауысуға болама менің оқыған колледжім мемлекеттік коледж
    Ответ
    avatar
    Сәлеметсізбе

    Сұрағыңызға жауапты оқу бөлімінен аласыз. Телефоны 8-727 -393 30-77            

  • Айдана Нұрлан
    2021-11-14 13:39:06
    avatar
    Сәлеметсізбе сіздерде гранпен оқуға болама және құжаттарымызды қалаи тарсырсақ болады.
    Ответ
    avatar
    Сәлеметсізбе

    БжҒМ №578 бұйрпығы негізінде 2021-2022 оқу жылына талапкерлердің өтінішін қабылдау Алматы қаласы Білім басқармасының gz.bilimаlmaty.kz веб сайты арқылы жүргізілді.Мемлекеттік тапсырыс бойынша бірнеше мамандықта грант бар.

  • Тұрсын Балауса
    2021-11-14 13:38:38
    avatar
    Сәлеметсіз бе? 26.07.2021ж. Күні бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша емтихан тапсырып едік. Жауабын қайдан білуге болады?
    Ответ
    avatar
    Сәлеметсізбе

    «Бастауыш сынып мұғалімі» біліктілігі  бойынша арнайы емтихан нәтижесі колледждің ақпараттық тақтасына ілінді.

  • Тағаймұрат Аида
    2021-11-14 13:38:24
    avatar
    Сіздерге мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандары керек пе? Бакалавр бітіргенмін қыздар университетінде
    Ответ
    avatar
    Сәлеметсізбе

    Сұрағыңыз түсініксіз.

  • Нұрлы Нұрали
    2021-11-14 13:38:05
    avatar
    Оқуға түсушілерге Мамандықтардың бойынша конкурстың нәтижесінде қалай көруге болады
    Ответ
    avatar
    Сәлеметсізбе

    Конкурстың нәтижесі қабылдау ережесіне сәйкес 25.08.2021ж жарияланады. gz.bilimаlmaty.kz веб сайтында талапкердің жеке кабинетіне хабарлама жіберіледі.

  • Шамахсутова Ғалия
    2021-11-14 13:37:31
    avatar
    Сәлеметсіз бе? конкурс нәтижесін қалай білуге болады? Байланыс телефондарыңызға звондасақ ешқашан жауап бермейді жауап берген күннің өзінде өздерің сайттан қарап тауып алыңдар дейді. не себепті түсіндіру жұмыстары жүргізілмейді?
    Ответ
    avatar
    Сәлеметсізбе

    Конкурстың нәтижесін  gz.bilimаlmaty.kz веб сайты шығарып, қабылдау ережесіне сәйкес 25.08.2021ж жариялануы тиіс.Техникалық себептерге байланысты нәтиже шыққан жоқ. Барлық түсіндірме жұмыстары жүргізілді және хабарландыру колледж сайтына, колледждің хабарландыру тақтасына ілінді.

     

  • Гульнара
    2021-11-14 13:36:51
    avatar
    Сәлеметсіз бе? Конкурс нәтижесін неге соза бересіздер? Не сұмдық? Әлде міндетті түрде министрге шағымдану керек пе?
    Ответ
    avatar
    Сәлеметсізбе

    БжҒМ №578 бұйрпығы негізінде 2021-2022 оқу жылына талапкерлердің өтінішін қабылдау және бейіндік пәндер мен аттестаттың орташа баллы негізінде конкурсқа қатысу Алматы қаласы Білім басқармасының gz.bilimаlmaty.kz веб сайты арқылы жүргізілді. Конкурстың нәтижесін  gz.bilimаlmaty.kz веб сайты шығарып, қабылдау ережесіне сәйкес 25.08.2021ж жариялануы тиіс. Техникалық себептерге байланысты нәтиже шыққан жоқ.

  • Ұлан
    2021-11-14 13:36:33
    avatar
    Кеш жарық! 2021-2022 оқу жылына қабылдау нәтижесі "25.08.2022 ж gz.bilimаlmaty.kz веб сайтына жарияланады немесе 18.00 де колледж тақтасына ілінеді " деген ақпаратты колледж қызметкерлері хабарлады. Сайт жұмыс жасамайды және де хабарлама ілінбеді. Себебін білуге болады ма?Қызметкерлеріңіз уақытылы жұмыс жасамайды. Колледждің қабылдау бөліміне хабарлассақ телефонға жауап бермейді. Қанша жылдық тарихы бар колледждің қызметкерлері жұмыс барысына өте селқоз қарайды.Өкінішті.......
    Ответ
    avatar
    Сәлеметсізбе

    БжҒМ №578 бұйрпығы негізінде 2021-2022 оқу жылына талапкерлердің өтінішін қабылдау және бейіндік пәндер мен аттестаттың орташа баллы негізінде конкурсқа қатысу Алматы қаласы Білім басқармасының gz.bilimаlmaty.kz веб сайты арқылы жүргізілді. Конкурстың нәтижесін  gz.bilimаlmaty.kz веб сайты шығарып қабылдау ережесіне сәйкес 25.08.2021ж жариялануы тиіс. Техникалық себептерге байланысты нәтиже шыққан жоқ. Қабылдау комиссиясы мүшелері өз жұмыстарын толық талапқа сай атқаруда.

  • Бақбергенова Назкеш
    2021-11-14 13:36:08
    avatar
    Студенттер толықтай онлайн оқуға көшуі мүмкін бе?Және қашан?
    Ответ
    avatar
    Сәлеметсізбе



    31.08.2021-ғы № 5-13-2/3424-И шығыс хатының



    «2021-2022 оқу жылының басына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарында оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік ұсынымдар» қосымшасы негізінде  студенттер  80% штаттық режимде, 20% онлайн режимде оқып жатыр. Топта студент немесе  дәріс беретін оқытушы короновирустық инфекцияны жұқтырған жағдайда, топ екі апта онлайн режимде оқытылады.

    Сабақтың сапасын көтеру мақсатында мүмкіндігінше 100%  офлайн оқытуға көшеміз

  • Мадиева Нуржан
    2021-11-14 13:35:42
    avatar
    Колледждерініңз онлайн оқуға ауыса ма?
    Ответ
    avatar
    Сәлеметсізбе
    31.08.2021-ғы № 5-13-2/3424-И шығыс хатының
    «2021-2022 оқу жылының басына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарында оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік ұсынымдар» қосымшасы негізінде студенттер 80% штаттық режимде, 20% онлайн режимде оқып жатыр. Топта студент немесе дәріс беретін оқытушы короновирустық инфекцияны жұқтырған жағдайда, топ екі апта онлайн режимде оқытылады.
    Сабақтың сапасын көтеру мақсатында мүмкіндігінше 100% офлайн оқытуға көшеміз

  • Жанкелдинова Малика
    2021-11-14 13:35:14
    avatar
    Құрметті Магишат Таскалиевна! Менің қызым 1Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжінде биыл 2 курс оқиды. Колледже берілетін білім өте жоғары. Қызым әр сабаққа қызығушылықпен дайындалады. Үлгерім сапасы да жоғарылады. Топ кураторымен 24 сағат байланыстамыз. Колледждегі тәртібі мен білім сапасынан үнемі хабар беріп отырады. Таңдауымыздан қателеспедік, ракмет сізге және колледж оқытушыларына!!!! Сұрағым 2 курс студенттеріне практика базасын өздігінен таңдауға рұқсат барма?
    Ответ
    avatar
    Сәлеметсізбе

    Пікіріңізге  рахмет. Практика базасын студент өзі таңдауға рұқсат жоқ, колледж оқу жылының басында мектеп базаларымен келісім шартқа отырады. Әрбір топ арнайы тәжірибе жетекшісімен   бөлінген базадан педагогикалық практикадан өтеді.

  • Ихсангалиева Айнаш
    2021-05-20 14:59:26
    avatar
    Сәлеметсізбе, 2 курстар штаттық режимде колледжге келіп оқима ? Оқыса, қай уақыттан басталады ?
    Ответ
    avatar
    Сәлеметсізбе, 2 курстардың штаттық режимде оқуына рұқсат берілмеді.

  • Алимпиева Гульзира
    2021-05-20 14:59:08
    avatar
    Сәлеметсізбе, қызым колледждің 4 курс студенті, биыл курстық жұмысты қалай қорғайды?
    Ответ
    avatar
    Сәлеметсізбе, штаттық режимде оқыған жағдайда курстық жұмыс колледжде қорғалады.Карантин күшейтілсе қашықтықтан АКТ  құралдары арқылы қорғайды.

  • Тұрлыбаева Гүлназ
    2021-05-20 14:58:28
    avatar
    Бітіруші түлек ретінде жас мамандарға колледж тарапынан жұмысқа орналасуға көмек бола ма ?
    Ответ
    avatar
    Сәлеметсізбе, бітіруші түлектерге колледжден көмектер жасалады. Өндірістік практика барысында базалық оқу орындары үздік, тәжірибеде өзін жақсы көрсеткен студенттерге жұмыс істеуге ұсыныстар жасайды.

  • Салтанат Байденова
    2021-05-20 14:58:03
    avatar
    Колледжге оқуға түсу үшін биылғы жылдың ерекшеліктері қандай? Былтырғы оқу жылы сияқты аттестаттың бағасымен қабылдайсыздар ма?
    Ответ
    avatar
    Сәлеметсізбе, биылға 2021-2022 оқу жылы бойынша қабылдау ережелері шықпады. Колледждің әлеуметтік желілеріне  қабылдау бойынша жаңалықтар салынады. Байланыс телефоны: 229-23-08

  • Айгүл Агменова
    2021-05-20 14:57:40
    avatar
    Сәлеметсізбе, қызым сіздің колледждің 4 курс студенті, диплом алды практикасынан өтетін мектепті өзіміз таңдасақ бола ма ?
    Ответ
    avatar
    Сәлеметсізбе, бітіруші топ студенті диплои алды тәжірибесінен колледж келісім шартқа отырған мектептерден ғана өте алады.

  • Мерзликина Дарья
    2021-05-20 14:57:10
    avatar
    Здравствуйте, в связи с карантинными мерами, как будет проходить приём абитурентов с других городов? Свободны ли места в общежитии? На каком языке проходит обучение в колледже и как проходит конкурс на грант?
    Ответ
    avatar
    Здравствуйте, в связи с карантинными мерами, как будет проходить приём абитурентов с других городов? Свободны ли места в общежитии? На каком языке проходит обучение в колледже и как проходит конкурс на грант?

  • Cапарбекова Айсұлу
    2021-05-20 14:56:44
    avatar
    Cәлеметсізбе. Биылғы оқу жылына талапкерлерді қабылдау қалай болады ? Қандай мамандықтарда грант бөлінген ?
    Ответ
    avatar
    Сәлеметсізбе, 2020-2021 оқу жылына білім алушыларды қабылдаудың жобасы бойынша талапкер ақпараттық жүйеге тіркеліп, кәсіптік диагностикадан өтеді. Мамандықтарды таңдау туралы ұсынымдар алады. Мамандық және колледж таңдайды.Колледжге келіп немесе  электорнды түрде EGOV порталы арқылы құжат тапсырып, арнайы емтихан тапсырады. .Қабылдау туралы сұрақтар бойынша қабылдау комиссиясына хабарлассыңыз.Телефон: 229-23-08

  • Утаркосова Аксары
    2021-02-19 09:18:53
    avatar
    Мен көп балалы ата-анамын. Сіздерде қызым студент. Қызым 18ге шығып, шілде айында пособияны тоқтатып тастады. Сіздерден колледжде оқитынын растайтын анықтама керек болып тұр. Өткенде сұрағанымызда карантин болғандықтан берілмейтінін айттыңыздар. Мен арнаулы мекемелерден сұрастырдым. Олардың айтуы бойынша карантин деп анықтама беруді тоқтатпау керек екенсіздер. Соның кесірінен пособия ала алмай отырмыз. Енді сіздер электронды түрде бере аласыздар ма? Не істерімізді білмей отырмыз. Тездетіп жауап жазуларыңызды сұраймын.
    Ответ
    avatar
    Сәлеметсізбе, колледжге келіп анықтама алуға болады.

  • Татай Айжан Алпауыткызы
    2021-02-19 09:18:23
    avatar
    Мен сиздерде окынам 2009тапсырлым 9дан кеин бирак аяктамай окуымды тастап кеттим 2017 жылы атестатымды алып кеттим повырдын дипломнын алдым казирги танда диплом вастанавление жасатайын десем атестатты алганнан кеин болмайды деп Гулнар Белдешова сизге кирип кандай мумкиншилиги бар деп сурайын десем хатшыныз киргизбеди кандай мумкиншиликтери бар калай окуымды аяктап калай дипломымды алсам болады вастанавление туралы билмедим 187балабакшада няня боп истеймин Сол жердегилер айтты вастанавление жасат деп алде окыган жылдарымнын табылын алып Иссыктагы пед колледжде тапсыруга болама сизден отинип сураймын кандай жолдары бар айтып жибересиз ба менин ном 8707 273 55 92
    Ответ
    avatar
    Сәлеметсізбе, колледжге келіп академиялық анықтама алуға өтініш жазуыңызға болады.

  • Сарсенова Сымбат
    2021-02-19 09:17:07
    avatar
    Сәлеметсізбе, мен колледждің 4 курс студентімін, оқуды бітірген соң "Дипломмен ауылға" бағдарламасымен ауылға жұмысқа орналаса аламын ба?
    Ответ
    avatar
    Сәлеметсізбе, колледжді бітіріп "Дипломмен ауылға" бағдарламасымен жұмысқа орналасу мүмкіндігі жоқ, себебі бұл  бағдарлама жоғарғы оқу орнын бітірген түлектерге арналған.

  • Сайлибаев Кайрат
    2020-05-12 14:00:27
    avatar
    Биыл дене тәрбиесі пәні мұғалңһімі мамандығы бойынша талапкер қабылдайсыздар ма? Қабылдау комиссиясы қалай жұмыс жасайды?
    Ответ
    avatar
    Қабылдаймыз, 9 сыныптан кейін және сырттай оқу бөліміне. Қабылдау мүмкін онлайн режимінде болады. Маусым айының 20-нан басталады.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.