№1 ALMATY KAZAKH STATE
HUMANITARIAN - PEDAGOGICAL COLLEGE

"Prevention of religious extremism and destructive religious trends"

Оқу орнында еліміздің жарқын болашағын қалаушы жастарға жас ұрпақтарымыздың санасын улап жатқан жат ағымдардың мән-мағынасын, әсер ету жолдары мен тигізер зияндарын ашып көрсетіп, деструктивті діни ағымдарға қарсы сауаттылықты арттыру мақсатында Алматы қаласы қоғамдық даму Басқармасының жанындағы кеңес беру және оңалту орталығының және колледж әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Діни экстремизмнің және деструктивті діни бағыттардың алдын алу» тақырыбында философия ғылымдарының докторы, профессор Қ.М.Борбасова дәріс оқыды.

Студент жастарға деструктивтік ағымдардың алдын алудағы діни сауаттылықтың маңыздылығын түсіндіріп, жат ағымдардың жастарға ықпалы және одан сақтандыру жайлы, діннің атын жамылған жат ағымдардың мүшелері діни сауаты төмен, әлеуметтік тұрмысы нашар жастарды өз қармақтарына түсіру үшін өздерін ақиқат жолындағы шынайы діндарлар етіп көрсетіп, Patriotism of students, отбасына және ата-бабамыз ғасырлар бойы дәріптеген дәстүрлі дінімізге, қалыптасқан салт-дәстүрімізге күдік келтіріп, қарсы қоятынын түсіндірді. Дәріс барысында қазіргі замандағы діни ахуалдың жағдайы және деструктивті күштердің қоғамға әсері туралы, сондай-ақ жастардың діни сауаттылығын арттыру, ұлттық рухани құндылықтарын дамыту, теріс бағыттағы діни экстремизмнің және деструктивті діни бағыттардың алдын алу бойынша баяндама жасап, бейнероликтер көрсетілді.

Қазіргі таңда, уәкілетті мемлекеттік органдардың деструктивті ағымдарға қарсы белсеңді күрестері мен алдын алу шаралары нәтижесінде көптеген радикалды сайттарға тосқауыл қойылып жатқаны, дін саласындағы мәселелер бойынша ақпарат алғысы келсе, ҚР Қоғамдық даму министірлігі, Дін істері комитеті бекіткен сайттарды ғана қарауға кеңес берілді.

№1 ALMATY KAZAKH STATE HUMANITARIAN - PEDAGOGICAL COLLEGE

© 2021. All rights reserved.