№1 ALMATY KAZAKH STATE
HUMANITARIAN - PEDAGOGICAL COLLEGE

Youth of Kazakhstan is a strategic value of the society of Kazakhstan and the future human capital.

№1 Almaty Kazakh State Humanitarian and Pedagogical College 10.09.2021 Compiled inventory of reports on student achievement and behavior 2021-2022 оқу жылына колледждің белсенді студенттерімен бірге директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.А.Байтекеева, «Жастар ұйымының» төрайымы М.А.Сұлтанова және

“Self-management” ұйымының мүшелеріСтуденттік парламентөзін-өзі басқару ұйымының құрамын қайта тағайындау туралы жиналыс өткізді. Жиналыс барысында колледждің ішкі тәртіп ережесі мен алдағы жұмыс жоспары және «Өзін-өзі басқаруұйымының ,басқа да ұйымдардың 2020-2021 оқу жылында атқарылған жұмыстары тыңдалды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Айгул Аталыққызы «Студенттік Парламенттің оқу-тәрбие процесінің проблемаларын шешуде колледж әкімшілігіне көмекші болатыны, Парламентте студенттер мен педагогтер бірлесіп ынтымақтасуға, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру кезіндегі мәселелерді шешуде өз ұсыныстарын білдіруге құқылы екендіктерін және Парламенттің құрылымының 8 фракциясының қызметімен таныстырды.
Студенттік Парламенттің мақсаты: білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманистік бағыттағы азаматты тәрбиелеу.
Парламенттің міндеттері:

білім алушылардың қабілеттері мен мүдделерін, колледжде бірыңғай құқықтық кеңістікті дамыту үшін жағдай жасау;

ұжымдық өмір нормаларына, мемлекет заңдарына, адамдарға пайда әкелгісі келетіндігіне, достары мен құрдастарына қиындықтарды жеңуге көмектесуге оң көзқарас қалыптастыру;

әрбір білім алушыны оқу орнының қоғамдық өміріне тарту;

өзіндік ойлау мен өзіндік сана-сезімді, көшбасшылық мінез-құлық дағдыларын, ұйымдастырушылық білімді, іскерлікті, ұжымдық және басшылық қызмет дағдыларын дамыту болып табылады.

Колледж студенттерінің ұсыныстарымен және дауыс берулері нәтижесінде колледждің 2021-2022 оқу жылыныңСтуденттік парламентініңпрезиденті болып 3-курс, 31 “B” топ білім алушысы Нұрғазы Мерей Маратқызы тағайындалды.Студенттік Парламент құрылымының 8 фракциясына бірнеше колледж студенттері өздерінің кандидатураларын ұсынғандықтан байқау жарияланды.Байқау 15.09.2021 күні сағат 12.00 ге дейін жалғасады.

№1 ALMATY KAZAKH STATE HUMANITARIAN - PEDAGOGICAL COLLEGE

© 2021. All rights reserved.