№1 ALMATY KAZAKH STATE
HUMANITARIAN - PEDAGOGICAL COLLEGE

"Chernobyl - the man-made disaster of the century" Meeting with Chernobyl veterans.

"Chernobyl - the man-made disaster of the century" Meeting with Chernobyl veterans 35 жыл толып отыр.Осыған орай №1Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжінде тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес топ кураторы Смагулова Салтанат Қалибековнаның жетекшілігімен «Чернобыль – ғасырдың техногендік апаты» тақырыбында ZOOM форматында Алматы қаласы бойынша Чернобыль ардагерлері кеңесінің Президенті Камал Жұмашұлы Панжазовпен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге оқытушылар мен білім алушылар қатысты.

Шараның мақсаты : Чернобыль апатының тарихы, апат салдарын жоюға аттанған азаматтардың ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттау, қасіреттің салдарынан қаза болған боздақтар рухына тағзым ету, олардың есімдерін құрметтеу.

Кездесу барысында Чернобыль апатына қатысқан ардагер Панжазов Камал Жұмашұлы Чернобыль апатының салдарын жоюға , апат ошағының отын сөндіруге қатысқан жүз мыңдаған азаматтардың жігері, Отан алдындағы борыштарын адал орындаған ерліктері жайында айтты.Білім алушылардың қойған сауалдарына жауап берді.Чернобыль апатының зардаптары, кездескен қиыншылықтары туралы әңгімеледі. Қатысқан студент жастар өз өмірі мен денсаулықтарын қатерге тіккен батыр ардагерлерге құрмет көрсетіп, өз шығармашылықтарынан өлең арнады. Кездесу соңында директордың оқу-тәрбие жұмысы жөнінен орынбасары Байтекеева Айгүл Аталыққызы ардагер Панжазов Камал Жұмашұлына колледж әкімшілігі тарапынан алғыс білдіріп,Чернобыльдегі апатқа қатысушылардың ерлігі қашанда ұмытылмайтынын айтты.Шараға білім алушылар белсенділікпен қатысты.

№1 ALMATY KAZAKH STATE HUMANITARIAN - PEDAGOGICAL COLLEGE

© 2021. All rights reserved.