«Ар-намысты арқалаған рухты батыр Бауыржан» тақырыбындағы Адалдық сағатында Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының батылдық, адалдық және табандылық қасиеттері, оның тұлғасындағы жоғары патриоттық рух, шешім қабылдаудағы сенімділік, тәртіп, даналық пен парасаттылық қасиеттері айтылды.
Онлайн-дәріс барысында студент жастар полк командирінің батырлық әрекеттері мен өмірлік қағидалары насихатталды. «Адалдық сағатын» ұйымдастырған топ кураторлары жастардың бойына адал еңбек пен рухани адамдық қасиеттерді сіңіру арқылы жемқорлықсыз парасатты қоғам құруға болатынын айтты.