№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

«АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ

2024жылдың 17 сәуірінде №1Алматы қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжінде «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Ашық есіккке 200 ден аса Алматы қаласының Алатау, Бостандық, Түрксіб, Жетісу, Алмалы аудандарының жалпы білім беретін мектеп, мектеп-гимназияларының 9-сынып оқушылары қатысты. Талапкерлерге колледж ғимараттарына саяхат ұйымдастырылды. Саяхат барысында  колледждің материалдық-техникалық базасымен, оқуға қабылдау ережелерімен таныстырылым жасалды. Колледж қонақтары АКТ залында мерекелік іс-шараны тамашалап, интеллектуалды ойындарға қатысты. Іс-шара барысында колледжде дайындалатын мамандықтар туралы қажетті ақпараттар берілді. Талапкерлерге болашақ мамандықтарын дұрыс таңдау жасауға ықпал жасадық деген сенімдеміз.

 

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.