№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

КОЛЛЕДЖДЕГІ ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ

Қазақ әдебиетінің Абайдан кейінгі биік асқары, Алаш қайраткері Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына биылғы  күзде  130 жыл толды.. Осыған орай,  оқу-тәрбие жұмысының жоспарына  сәйкес  ақынның жалынды жыр шумақтарын, өмір жолы мен қызметін, шығармашылығын  зерделеп, тәжірибе алмасу, дарынды студенттерді анықтап, қолдау көрсету мақсатында  Түрксіб аудандық Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының  жастарының   арасында  «Қаламды шын беріліп, алдым берік.. » атты көркем сөз оқу байқауы ұйымдастырылды. Байқау 3 кезең бойынша өткізілді. Байқауға қатысушылардың  білімін бағалау   мақсатында  ақынның өмірі мен шығармашылығынан сұрақ-жауап кезеңі Quizizz онлайн платформасында  жүзеге асты. 2-кезеңде  «Қараңғы қазақ  көгіне, Өрмелеп шығып, күн болам» тақырыбында поэзиялық жыр оқулары болса,3- кезеңде «Алаш деп ұрандаған ұлы ақын» атты ақынға арналған жыр шумақтарын мәнерлеп оқу кезеңі бойынша қатысушылар өз өнерлерін ортаға салды.Түрксіб аудандық Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының арасында өтілетін колледжаралық байқау болғандықтан, басқа аудандардан тіл мамандары  шақыртылып, қазылық етті. Әділқазылар  алқасы әділ бағасын беріп,төрелігін танытты.Байқаудың қорытындысы бойынша  қатысушылар 1,2, 3 дәрежелі дипломдармен  және  “Озық ойлы студент”, “Мәнерлеп оқу шебері”, “Жас ақын”, “Шығармашыл студент” атты номинациялармен марапатталды. 1,2  орындармен  Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжінен келген  қатысушы жастар  Амирсана Алтынбек, Пернебек Айбек марапатталды. 3 орынға   №1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжінің студенті  Болат  Камиля ие болды.

-Тәрбие әрекетінің  кәсіби бағыттылығын  қалыптастыру  және  болашақ кәсібінің ерекшелігін  ескере отырып, маман тәрбиелеудің бағдарламасын әзірлеу;

-отбасында, еңбек ұжымында, тұрмыста, жалпы қоғамда қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу;

-ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіне, толеранттылыққа тәрбиелеу;

-салауатты өмір салтын және экологиялық мәдениетті  қалыптастыруға ықпал ету;

 -студенттер мен оқытушылардың  шығармашылық ұжымдар мен бірлестіктер құру арқылы әріптестік қатынастарын дамыту;

– топ кураторларының ғылыми – әдістемелік шеберліктерін шыңдау.

Республика күні- еліміздің  мемлекеттілікке  бағытталған тарихи қадамының символы. Оқу орнында Республика күніне орай  “Қыран елім – Қазақстаным!” тақырыбында 1-2 курс білім алушылары арасында мәнерлеп оқу байқауы өтті. Мақсаты: жас ұрпақ бойында отаншылдық сезімдерін қалыптастыру, қазақ елінің жетістігін кеңінен насихаттау, Қазақстандық патриотизмді нығайтуға ықпал жасау, білім алушылардың тәуелсіз елге деген құрметін күшейту, шығармашылық қабілетін арттыру, ойлау қабілетін дамыту,  Кіріспе бөлімінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы   А.Е.Кемелбекова Республика күнінің маңыздылығын түсіндірді. Байқау  барысында білім алушылар  өлең шумақтарын оқыды,  патриоттық өлеңдер шырқалды, қатысушылар Отанға деген махаббатын мен патриоттық сезімдерін, өлеңдерді мәнерлеп оқу қабілеттерін көрсетті.Білім алушылар байқауға белсене ат салысты.

КОЛЛЕДЖДЕГІ ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУЫ

         Колледжде студенттердің өзін-өзі басқару жүйесі студент жастар өмірінің маңызды мәселелерін шешуге, олардың әлеуметтік белсенділіктерін дамыту, бастамаларына қолдау көрсетуге  бағытталған студенттердің  бастамашылдық, дербес қоғамдық қызметінің ерекше формасы ретінде  дамыған.  Өзін-өзі басқару ұйымының  құрылымын жетілдіру, студенттердің өзін – өзі басқаруын белсендіру жұмыстары жүйелі   жүргізіледі. 

Студенттердің өзін-өзі басқару ұйымы жұмыс барысында келесі құжаттарды басшылыққа алынады:

  • Колледж Жарғысы;
  • Студенттердің өзін-өзі басқару ұйымы туралы ереже;
  • Колледждің ішкі тәртіп ережелері
  • Жатақханада тұру ережесі.

Өзін-өзі басқару жұмысының нәтижелері колледж әкімшілігі кеңесінде талданады.

         Колледж студенттері қалалық , аудандық іс –шараларға белсене араласып отырады.  1 маусым- «Балаларды қорғау күніне» орай өткізілген музыкалық аспаптар шеруіне қатысып, қалалық  әкімдіктің  ризашылығын алып қайтты.

1 маусым 2019 жыл

«Мейірбандық жүректен,қайырымдылық біліктен» демекші адам өзін және озгелерді жақсы көру арқылы өмірін қуаныш пен шаттыққа махаббат пен бақытқа бөлейді. Колледждің еріктілер ұйымы балалар үйіне барып, жүректеріне жылу сыйлап отыруды дәстүрге айналдырған.

2019 жыл.

Колледждждің  тәрбие жұмыстарының басты бағыттарының бірі – патриоттық тәрбие беру. Колледж студенттері  Қ.Т. Лахановтың басшылығымен  аудандық  «Ұлан әскери- патриоттық» шеруінің жыл сайын ГРАН-ПРИ  иеленіп келеді.

2019 жыл.

1 мамыр  «Қазақстан халықтарының  бірлігі» күніне орай «Ынтымақ , бірлік және келісім- басты байлық ел үшін» тақырыбында өткен іс-шара барысынан  көріністер:

2018 жыл

2018 жыл

     Колледж ішілік іс-шаралардан көріністер  рухани-адамгершілік, патриоттық бағыттағы іс-шаралардан көріністер:

2019 жыл

Өзін-өзі басқару ұйымы өткізген «100 жаңа есімі» жобасының иегері, гинеколог- репродуктолог Айтхожина  Ләззат Кенжебайқызымен   кездесу 

2019 жыл

Колледжде өткен  «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған » атты аналар мерекесіне арналған іс-шаралардан:

«Тіл–халық қазынасы» қалалық  байқауы

Мемлекеттік тіл – сол елдің халқын біріктіретін, ортақ істерге жұмылдыратын, елге деген перзенттік ықыласты қалыптастыратын бірден- бір құрал болып табылады.Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми әдістемелік орталығы Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің жоспарына сай  2021 жылдың 30 қыркүйегінде  Қазақстан Республикасы халықтарының  «Тілдер мерекесіне» байланысты өзге  ұлт өкілдерінің арасында «Тіл –халық қазынасы» атты мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында №1Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжімен бірлескен   қалалық байқау ұйымдастырылды.Байқаудың мақсаты- Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру және  мемлекеттік тілді насихаттау; шығармашылық танымдық қабілеттерін арттыру, толеранттылыққа тәрбиелеу, тілдік мәдениет деңгейлерін арттыру болды.Қалалық байқауға Техникалық  және кәсіптік білім беретін оқу орындарының студенттері қатысты. Байқау ережесіне сәйкес  екі кезеңнен тұрды.Бірінші кезең оқу орнының ішінде ұйымдастырылса,екінші кезең №1Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі базасында ұйымдастырылды. Байқаудың бағдарламасы  үш тапсырманы қамтыды.Бірінші тапсырма: «Сәлем беру салтымыз» деп аталса, «Білімдіге  дүние жарық»деп аталатын  екінші  тапсырмада  суреттер арқылы берілген  ұяшықтардағы  тақырыптар бойынша   жауаптары тыңдалды.Тақырыптық тапсырмалар бойынша  Қазақстанның  Тәуелсіздік жылдарындағы қол жеткізген жетістіктері, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  Тәуелсіз  Қазақстанды  құрудағы тарихи  рөлі,  қазақ халқының хандары, билері туралы, ұлттық салт-дәстүрі, т.б. туралы  білімдері бағаланды. «Білім –таусылмайтын кен» тақырыбындағы  үшінші  тапсырма  бойынша  қазақ тілінің лексикасы мен грамматикасы  бойынша 15 сұрақтан тұратын тапсырма сілтемесі жіберіліп, «Online Test Pad» платформасында орындау   ұсынылды.Байқау қорытындысы бойынша    Әділқазылар алқасының  шешімімен жеңімпаздар анықталып,1орын,2орын,3орындартағайындалды. 
Бірінші орын  Жоғары медициналық колледжінен қатысқан 2 курс студенті  Мошнякова Анельге берілсе , екінші орынды Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің 2 курс студенті  Самыловская Анель иеленсе, үшінші орынмен  Алматы мемлекеттік политехникалық колледж студенті  Кринвальд Юрий марапатталды. Колледж қабырғасында білім алып жатқан болашақ мамандар тек өз мамандықтарын меңгеріп қана қоймай, өз Отанының, қазақ халқының рухани мұрасын бойына сіңіре білген зиялы жан болуы да шарт.

Қарттар – біздің асыл қазынамыз

        Қарттарға құрмет көрсету жас ұрпақтың алдындағы парыз .
01 қазан күні аталып өтілетін Халықаралық қарттар күні – ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін күн. Үлкенді сыйлап, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз.

Ортада жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады.

Жыл сайын №1Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжінде Халықаралық қарттар күніне орай көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып тұрады. Колледждің белсенді, ерікті студенттері қарттар үйіне баруды әдетке айналдырған.  “Өзін-өзі басқару” ұйымы мен колледж еріктілер тобы 01 қазан күні Алматы қаласындағы «Асыл жан» қарттар үйіне барып көңілдері жарым қарияларға концерттік іс-шара ұйымдастырып, жеміс-жидек, тәттілер таратты. Концерттік бағдарлама бойынша әуезді ән айтылып,мәнерлі би, күмбірлеген күй тартылып, қазыналы қарттарымыздың көңіл көкжиегін көтеріп тастады. Қарттарымыз белсенді студенттерімізге өз алғыстарын білдіріп, ақ баталарын берді. Жастардың мейірбандық танытып, үлкендерге құрмет көрсетіп жатқан осындай игі істеріне  қарттармен қатар мекеме басшылығы да риза болып, Жастар ұйымының төрайымы Мадина Аубакировна мен ерікті студенттерді арнайы «Алғыс хатпен» марапаттады.

«Ардагерлерді ардақтайық» акциясы

Оқу орнының  Жас Отан Жастар қанатының мүшелері  30 қыркүйек  күні  Нұр Отан партиясымен бірлесіп, Алматы қаласы, Түрксіб ауданының  қарттарын    «Қарттар күнімен»  құттықтап келді.Аталмыш іс-шараның мақсаты- «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында қарттарға  құрмет көрсетіп, оларды назардан тыс қалдырмау. Сондай-ақ, жастардың бойына қайырымдылық қасиетін сіңіру, қоғамда біздің қамқорлығымызға мұқтаж жандар бар екенін олардың естеріне салу, қазыналы қарттарымызды  бағалау керек екенін насихаттау болды. Осы орайда, “Жас Отан” белсенділері  қазыналы қарттардың салиқалы әңгімелерін тыңдап,рухты сөздеріне  жігерленіп, сыйлықтарын табыстап, тағылымы терең әңгімелеріне   алғыс білдірді.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.