№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

14.03.2020 №17 өндірістік  бұйрықпен бекітілді

№1 АҚМГП колледждінде   коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатындағы  карантин кезеңіндегі колледжде  оқу процесін және ағымдағы, қорытынды аттесттаттауды  ұйымдастыру және педагог қызметкерлер  және қосалқы қызметкерлердің   жұмыстарын  жүргізу

ЕРЕЖЕСІ

І. Жалпы ережелер

1.1. КМҚМ «№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжінің»  (бұдан әрі – Колледж) Педагогикалық кеңесі  Колледждің негізгі  алқалы кеңес органы ретінде карантин кезеңіндегі   оқу процесін ұйымдастыру және педагог қызметкерлер  және қосалқы қызметкерлердің   жұмыстарын  жүргізу  ретін анықтайды.

1.2. Педагогикалық  кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, карантин кезеңіндегі қолданыстағы заңнаманы, ҚР Білім және ғылым  министрлігінің ведомстволық актілерін және Алматы қаласы Білім бкасқармасының,  Колледждің  ішкі актілерін,  сондай-ақ осы  Ережені басшылыққа   алады.

1.3. Кеңес жұмысын негізінен  ҚР БжҒМ-нің  2020 жылғы 14 наурыздағы № 108, 01 сәуірдегі №  123 бұйрықтарына  және   колледждің  Жарғысына сәйкес жүргізеді.

1.4.Педагогикалық  кеңестің шешімдері  Колледждің барлық қызметкерлері үшін міндетті сипатта болады.

1.5. Карантин мерзімі нақты анықталмағандықтан  Ереже  ашық құжат болып табылады және тиісті өзгертулер енгізіліп отырады.

1.6.  Педагог қызметкерлер   мен қосалқы қызметкерлердің жұмыс тәртібі мен уақытындағы өзгерістер ватсаб мессенджері немесе видеобайланыс арқылы ұйымдастырылған Кеңес отырыстарында алдын-ала хабарланады.

 

                                      ІІ  Кеңес  қызметінің  негізгі  бағыттары

  1. 1. Карантин кезеңіндегі оқу процесін ұйымдастыру және педагог қызметкерлер және қосалқы қызметкерлердің   жұмыстарын  жүргізу  ретін  анықтайды:

1.1.Колледж әкімшілік мүшелерінен шұғыл жұмыс тобы құрылып, ПЦК бойынша  қашықтықтан  оқыту  қызметін  басқару,  бақылау және жоспар бойынша жұмыстарды ұйымдастырып отыру тапсырылды: Алимжанова А.Б.-«АӘТД және дене тәрбиесі»  ПЦК оқытушылары; Беғазова М.П. – «Шетел тілдері және оқыту әдістемелері» оқытушылары; Мендғазиева М.Т. – «Педагогика және психология»  ПЦК оқытушылары; Байтекева А.А. – «Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту әдістемелері»,  оқытушылары;  Асубаева Г.С.  – «Жеке пәндер әдістемелері» – ПЦК оқытушылары.

1.2. Педагог  қызметкерлер жұмыс күнін сабақ кестесіне байланысты  бекітілген уақыт аралығында  бастап, аяқтайды. ҚР БжҒМ-нің  2020 жылғы 01 сәуірдегі №  123 бұйрығына сәйкес  06.04.2020 жылдан бастап  сабақ  сағат 14.00. басталады  және   2  пар сабақты  өткізу  уақыты  30 минут болып  бекітілді.

1.3. Білім алушылардың оқу және  педагогикалық  практикалары  сабақ  кестесіне  сәйкес өзгеріссіз қашықтықтан ұйымдастырылады. 06.04.2020 жылдан бастап  оқу және  педагогикалық  практикалары    сағат 14.00. басталып, практиканы өту   ұзақтығы  бір академиялық сағат 15  минут болғандықтан, оқу және педагогикалық практиканы өткізу  3 сағат  болып   бекітілді.

1.5.Колледж әкімшілігі мүшелері  19.03. 2020 жылдан бастап  кезекшілік  графигі  бойынша күнделікті  сағат  10.00 -15.00 дейінгі аралықта жұмыс істейді.

 1.6. Қосалқы қызметкер  күнделікті  қысқартылған  сағат  бойынша 10.00 -15.00 дейінгі  аралықта  жұмыс  істейді.

1.7. Автономды  қазандық операторының жұмыс уақыты   графикке сәйкес жүргізіледі.  Студенттер жатақханасында дәрігер қызметкерлердің  орналасуына  байланысты 16.04.2020 бастап күндізгі  ауысымда  қысқартылған  сағат  бойынша  15.00 – 19.00  аралығында  жұмыс істейді.

1.8. Әкімшілік мүшелеріне  күнделікті  бөлінген ПЦК –дағы оқытушылардың қашықтықтан сабақ беру барысын сабақ кестесіне сәйкес бақылап, тиісті ескертулер мен нұсқаулар  беріп,  анықталған  проблемаларды  дер кезінде  шешу  тапсырылды.

1.9. Топ кураторлары  топтағы студенттермен және  олардың  ата – аналарымен  байланыс орнатуға және білім беру процесіндегі өзгерістер мен талаптарды дер кезінде хабарлап отыруға міндетті. Кураторлар  топтарында анықталған проблемаларды дереу әкімшілік мүшелеріне  хабарлап,  мәселелерді  дер кезінде  шешуге  қатысып  отырады.

1.10. Курстық жұмыстар бекітілген график бойынша қашықтықтан Zoom қосымшасымен, ватсаб  мессенджерімен  қорғалады, қорғау бойынша видеожазбалары, есебі жазылады, бұйрық бойынша бекітілген  комиссия мүшелерінің қатысуы, мүмкіндігінше төменгі курс студенттері мен жұмыс берушілердің қатысуы қажет. Курстық жұмыстың электронды нұсқалары жауапты комиссия мүшелерінің электронды почталарына  қарап, анықтама жазуы үшін жіберіледі.

1.11. Ағымдағы аттесттау мен қорытынды аттесттатау материалдары (емтихан билеттерінің сұрақтары, тест материалдары)  білім беру бағдарламаларының мазмұнына сәйкес   мамандықтар бойынша және емтихан, сынақ жұмыстарының кестесіне сәйкес әзірленіп, ағымдағы аттесттау тесттерінің сұрақтары мен жауаптары   Blm. Параграфына  онлайн –тест бөліміне  енгізіледі.

1.12. Директордың орынбасарлары, ПЦК төрағалары өздерінің құрылымдық бөлімдерімен бейне бақылау семинарларын (ВКС) өткізіп, жоспарланған жұмыс бойынша  талап етуге, әдістемелік нұсқаулар беріп отыруға тиісті.

 

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.