№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІМЕН ӘРІПТЕСТІК БАЙЛАНЫСТАР

Колледжде білікті мамандар дайындаудың озық тәжірибелерімен алмасуға жағдай туғызу және әлеуметтік әріптестікті нығайту және кеңейту бойынша республикалық және халықаралық деңгейдегі жұмыстар белсенді жүргізіледі.
Оқытудың тиімді жолдарын барлық елдердің педагогтары іздестіруде, ал әріптестік технологиясы әлемдік педагогикада оқытудың дәстүрлі әдістерінің неғұрлым тиімді баламасы ретінде қарастырылады.
Колледж Алматы қаласы ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, «Бөбек» ҰҒПБСО-мен, «Өрлеу» АҚ ҰБКБО –мен, АҚ «НИМ» педагогикалық шеберлік орталығының Алматы қалалық филиалымен, Абылайхан ат. ХҚӘТ университетімен, Абай ат. ҰПУ –мен, Алматы қаласы мұражайлар бірлестігімен, театрлармен және кітапханалармен болашақ мамандар дайындауда және тәрбиелеуде әлеуметтік әріптестікте жұмыс атқарады.
Колледж қызметі педагог кадрлар дайындауды жетілдіруге және кәсіптік мәселелерді тиімді шешуге, жұмыс берушілердің талаптарыне ескере отырып, білім беретін бағдарламалар әзірлеуді және біріккен жобаларды жүзеге асыруды мақсат ететін білім беру кластерінің Координациялық кеңесі құрамына енген.
Халықаралық әріптестік оқу орны қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Колледж базасында халықаралық деңгейде ұйымдастырылған кездесулер мен тәжірибе алмасу жұмыстарының хронологиясы мен мазмұны:

2010-2011 оқу жылдары

Британ консульдығымен әріптестік мақсатында “Мұғалімдерді кәсіби дамытудың халықаралық бағдарламасы” (TIPD) аясында колледж базасында ашық сабақтар мен тәрбиелік іс –шаралар көрсетілді.
Колледж жұмысын Британдық әріптестер мен қалалық білім Басқармасы өкілдері жоғары бағалады.

2013-2014 оқу жылы

Түркиялық әріптестер республикалық ғылыми-әдістемелік орталық қызметкерлерінің басшылығымен колледж базасымен танысты,білім беру рпроблемалары бойынша дөңгелек үстелде пікірлерімен бөлісті және ашық сабақтарға қатысып, тәжірибе алмасты

2013 – 2014 және 2015-2016 оқу жылдары

Колледж оқытушылары Түркия Үкіметі жанынан құрылған TIKA бағдарламасы аясында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Бастауыш білім беру» мамандықтары бойынша КТББ оқу орындарының оқытушыларына арналған тренинг жобасы аясында білім көтеру курстарынан 14 оқытушы өтіп, сертификаттар алды.

2015-2016 оқу жылдары

Жапонияның Цукуба университетінің профессорлары мен магистранттарының делегациясы мүшелеріне колледж базасын, оқу –әдістемелік жұмыстарын таныстырып, ашық сабақтар көрсетілді және дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Жапон делегациясы визитінің бағдарламасы мен ресми хаты және Абай ат. Қазақ ҰПУ ректорының алғыс хаты.

БІРЛЕСКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖОБА

(2015 ЖЫЛЫ 18 СӘУІР)
«ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ РЕФОРМАЛАР КОНТЕКСТІНДЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖЕТІЛДІРУ»

ӘРІПТЕСТЕРДІ КОЛЛЕДЖДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАРДЫҢ КӨРМЕСІМЕН ТАНЫСТЫРУ

КОЛЛЕДЖ БАЗАСЫМЕН, БІЛІМ АЛУШЫЛАРМЕН, ЖЕТІСТІКТЕР МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ КӨРМЕСІМЕН ТАНЫСУ СӘТТЕРІ

ОҚУ – ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР БОЙЫНША ДИРЕКТОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫМЕН
ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ, ПЕДАГОГИКА ПӘНДЕРІ ОҚЫТУШЫЛАРЫМЕН ПІКІР АЛМАСУДА

«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» ДББҰ «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫНАН» ТРЕНЕРЛІК КУРСТАН ӨТКЕН ОҚЫТУШЫЛАРМЕН ЖӘНЕ АРНАЙЫ ПӘН ОҚЫТУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ, ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ КЕҢЕС БЕРУ

2017-2018 оқу жылы

«Педагогикалық шеберлік орталығының» Алматы қалалық филиалының директоры Асубай Берік Құттыбайұлымен орталықтың аға менеджері, п.ғ.к. Рысқұлбекова Асима Даулетбекованың колледж оқытушыларымен кездесу сәті

Кездесу барысында колледждің тренерлік курстан өткен және арнайы пәндері оқытушыларының жаңартылған білім мазмұны бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы ой – пікірлерін тыңдап, көптеген сұрақтарға жауап берді, болашақта бірлесіп атқаратын жұмыстар жоспарланды

МЕКТЕП МҰҒАЛІМІ: САБАҚТЫ БАҚЫЛАУДАН ІС –ТӘЖІРИБЕНІ ЗЕРТТЕУГЕ ДЕЙІН
ШКОЛЬНЫЙ УЧИТЕЛЬ: ОТ НАБЛЮДЕНИЯ УРОКА К ИССЛЕДОВАНИЮ ПЕДАГОГИЧЕСКОЙ ПРАКТИКИ
SCHOOL TEACHER: FROM OBSERVING A LESSON TO PEDOGOGICAL PRACTICE

07.05.2018

Форумға колледжден директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөнінен орынбасары А.Б.Алимжанова қатысып,педагог мамандар дайындау мәселелері туралы ойымен бөлісті.
Арнайы пәндердің оқытушылары С,С, Сәдібекова мен Б.Х. Умаровалардың форумның ІY секциясы отыррысына материалдарын таныстырып, диплом иеленді және мақалалары жинаққа жарияланды

15.02-28.02.2018жылы

№2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжі базасында ұйымдастырылған «Подготовка будущих педагогов в контексте обновленного содержания образования» тақырыбындағы ӘДІСТЕМЕЛІК ДЕКАДАДА колледждің бітіруші топ білім алушылары орта білімнің жаңартылған білім мазмұны бойынша интербелсенді әдіс –тәсілдерді педагогикалық практика барысында қолдану тәжірибелерімен бөлісті .

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.