№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

Ата-аналардың назарына!!!

Құрметті ата-аналар!
№1Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі қашықтықтан оқыту жағдайында өздеріңізді толғандырып жүрген сұрақтарыңыз болса, әр аптаның жұма күндері сағат 17:00-18:00 аралығында колледж директоры М.Т.Мендгазиевамен ZOOM платформасында онлайн-қабылдау өткізеді.

Сонғы жаңалықтар

Колледж фотолары

Біз жайлы

Мен, Алтыбаева Назгүл Абдуллақызы 21 М тобының 2 – курс студенті Бақытбекова Аружанның анасымын. Сөзімнің басында бірінші №1 Алматы Қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжінің әкімшілігіне және оқытушылар ұжымына онлайн оқу үрдісі кезіндегі жоғарғы деңгейде ұйымдастырушылық қаблеттерін көрсете білгендіріңіз үшін  ризашылығымды білдіріп, рақмет айтқым келеді. Бұл сөзіме барлық ата-аналар келіседі деп ойлаймын.

Жалпы қәзіргі таңда онлайн оқу үрдісі бәріміз үшін жауапты кезең екенін түсінеміз. Оқыту және оқу қаншалықты қиын болса да 5-6 ай ішінде,   біз бұл онлайн оқу үрдісінің түрлі оқыту платформаларын толық меңгеріп, білімімізді шындап жатырмыз.  Осындай сәтте колледж басшылығы мен оқытушылар, студенттер және ата-аналар арасында бір-біріне деген қолдау мен түсіністік ауадай қажет деп ойлаймын. Осы уақыт аралығында колледждің оқу үрдісін ұйымдастыру шеберліктеріне риза болдым. Өйткені колледждің өзінің арнайы «Параграф»  білім платформасы бар, осы жерде пән оқытушылары студенттердің білімін тексеріп, бағалау жұмыстарын жүргізе алады. Ал ата-аналар болса балаларының қандай деңгейде оқып, білім алып жатқандарын бағалай алады.  Кейбір жоғарғы оқу орындарында арнайы оқыту программалары жоқ, біз сол үшін осы колледжді таңдағанымызға ризамыз. Бұл колледж ұжымының  студенттердің білім алуы үшін бейжай қарамай, жауапкершілікті өз мойындарына алып отырған үлкен жауапты ісі. Өзіміз көріп жүрміз барлық оқытушылар Zoom платформасымен сабақтарын өтіп, бстуденттермен тікелей қарым қатынас жасап жүр. Бұлда оқытушы мен стуент арасында ашықтық және білімдерін бағалау кезінде әділдік орнауына себепші болады.   Сол себепті біз- ата-аналар балаларымыздың білім алу жолында колледж ұжымына қолдау көрсетіп, сын сағаттарда бірге боламыз, барынша қолдаймыз деп айтқым келеді. Балаларымыздың білім алу деңгейін жоғарлату үшін барлық жағдаймен қамтамассыз етеміз. Ол біздің ата-аналық борышымыз деп есептеймін.

Ата-аналардың қәзіргі онлайн жағдайдағы басты міндеті, балаларымыздың  қәуіпсіздігі үшін өзіміздің жауапты болып табылатынымызда. Алайда осы жерде айта кететін жағдай колледж ұжымы бұл істі де өздері қадағалап, бақылап отыр. 21М тобының кураторы Назерке Бауыржанқызына үлкен алғысымызды айтқымыз келеді. Назерке Бауыржанқызы күндемей, түндемей балаларымызды бақылап, сабаққа қатысуларын, уақыттарын бос өткізбеуін, әртүрлі конкурстарға онлайн қатысуға шақырып, тәрбие сағаттарын өткізіп өз студенттері үшін шырылдап жүретініне куә болдық. Балаларымыздың болашағы  үшін аянбай еңбек етіп, оларға қамқор болып жүргені үшін үлкен алғысымызды білдіргіміз келеді. Біз, ата-аналар балалрымыздың болашағының жарқын болғанын, олардың білімді маман болғанын қалаймыз. Жастар біздің болашағымыз. Осындай қиындықтарға қарамай білімді маман дайындап жатқан Сіздерге мың алғыс!

            Сөзімнің соңында оқытушы ретінде өзім сабақ өту кезінде пайдаланатын  Zoom  платформасымен қатар Microsoft teams білім беру платформасының тиімді екенін айтқым келеді. Болашақта мүмкіндік болса осы программамен жұмыс жасасаңыздар деп ұсыныс айтқым келеді.

            Тыңдағандарыңызға  көп рахмет!

 

Алтыбаева Назгүл Абдуллақызы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, биология және биотехнология факультетінің доценті, б.ғ.к.

Мен 21БШ тобының ата-анасы Сейтжанова Алтынгүл Бейсембековна, қызым Социал Аяулым Дауренқызы ІІ -курс студенті. #1 гуманитарлық-педагогикалық колледж əкімшілігіне өз пікірімді білдіремін.Қашықтан оқыту жүйесінде колледж ұжымының жан- жақты , заман талабына сай жаңа ақпараттық технологияларды ,соның ішінде жаңа оқу платформаларын пайдаланып, студенттердің əр сабақта танымдылығын арттыруға көп көңіл бөледі. Сол сияқты сабаққа қатысуларын қадағалау, тəрбие саласындағы іс-шаралар, конференция, семинарлар, ашық сабақтар талапқа сай өз уақытында өтіліп жатады.Жалпы колледж əкімшілігі мен ұжымы өздерінің кəсіби шеберлігімен сапалы білім беру жолында , жұмысқа үлкен жауапкершілікпен қарайды.

Сәлеметсіздер ме! Құрметті Машиғат Таскалиевна! Асем Батырхановна,Айгуль Аталыққызы және әкімшілік мүшелері.Мен 22 БШ топта оқитын қамқордағы қызым Кебенбаева Анельдің ата-ана қамқоршысы Икимбаева Гульдана Адлетовна.
Қазіргі таңда пандемияға байланысты қашықтықтан оқыту кезінде, пән мұғалімдері және әкімшілік мүшесіне балаларымыздың сапалы білім алуына ат салысып жатқандарыңызға алғыс білдіремін.Осының бәрі сіздердің арқаларыңызда деп білемін! Білім алушылардың талапқа сай білім алулары бойынша ZOOM платформасы арқылы күнделікті берілген тапсырманы уақытылы, орындау үстінде.Осындай жауапкершілікті,қашықтықтан оқуды қадағалап,бақылап ,күнделікті білім алушылардың өмір қауіпсіздігін тексеріп,оқу-тәрбие бойынша жұмыстарының орындалуын белілеп отырған, Еңілік апайға ата-аналар атынан алғысымызды айтамыз!

Біздің мекен-жайымыз

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2020. Барлық құқықтар сақталған.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.