№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

Геймификация – студенттерді сабаққа қызықтыру және ынталандыру құралы

2024 жылдың 6 наурызында колледж базасында  Алматы қаласы  Білім   басқармасы  қалалық    білім    берудегі   жаңа  технологиялардың  ғылыми – әдістемелік орталығының жоспарына енгізілген  «Геймификация  – студенттерді сабаққа қызықтыру және ынталандыру құралы»  тақырыбындағы қалалық  әдістемелік  семинар ұйымдастырылды.

Семинарға қаладағы техникалық және кәсіптік білім беру орындарының педагогтері қатысты.

Семинардың тақырыбына арқау болған геймификациялау  бүгінгі таңда білім саласында ойын элементтері мен техникалардың көмегімен нақты мәселелерді шешу ойын элементтерімен ойын емес мәселелерді шешу әдістерін қолдану арқылы білім алушыларды белсенді оқуға тарту, олардың қолданбалы мәселелерді шешуге қатысуын белсендіру мақсатында ойын емес процестерге компьютерлік ойындарға тән тәсілдерді қолдану  трендке айналып отыр.    Колледждің  шығармашыл оқытушылары геймификацияны үлкен педагогикалық потенциалы бар оқытуды ұйымдастырудың жаңа тәсілі және оқу үрдісінің тиімділігін арттыру құралы ретінде қарастыра отырып, әріптестерімен тәжірибелерімен бөлісті.

 ҚБЖТҒӘО басшысы Г.Ж. Сүлейменова  «Біз жас мамандардың білікті кәсіби маманы болуы үшін осындай іс – шараларды жиі ұйымдастыруға, оларға білім беру саласындағы озық тенденцияларды үйретуге әрқашан да мүдделіміз, әрі кез-келген ынтымақтастық үшін ашықпыз. Жас мамандарға  оң ықпал жасау арқылы, білім саласын одан әрі дамыта аламыз», – деп атап өтті.

Қалалық әдістемелік  семинар  барлық қатысушылар үшін қызықты және тиімді оқу ортасын құруға бағытталған білім беру жүйесін дамытудағы маңызды қадам болды.

 

 

 

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.