№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

«Еуропадағы тағылымдама колледж жағдайында білім сапасын арттырудың бонусы ретінде» тақырыбындағы қалалық семинары

20 желтоқсан 2023 жылы колледжде Швеция, Финляндия мемлекеттерінде өткен педагогтардың халықаралық тағылымдамасының қорытындысы бойынша қалалық семинар жүргізілді.
Тақырыбы: Еуропадағы тағылымдама колледж жағдайында білім сапасын арттырудың бонусы ретінде.
Семинар мақсаты: Халықаралық тағылымдама негізінде қалыптасқан педагогтардың практикалық дағдылары мен білімдерін оқу – тәрбие үрдісіне енгізу.
Міндеті:
– колледждің білім беру жүйесіне кітапханалар, мұражайлар мен оқу – тәрбие бағыты бойынша байланыс орнату;
– білім алушыларды еркіндікке, сенімділікке тәрбиелеу арқылы шығармашылыққа баулу;
– оқу сауаттылығын визуалды білімді қолдану арқылы дамыту;
– оқу пәндерінде білім алушыларға жүйелі түрде зерттеуге негізделген жоба құруға бағыттау;
Семинарға Алматы қаласы Білім басқармасы ҚББЖТҒӘО ТжКББ бөлімінің жетекшісі Г.Ж.Сүлейменова, Алматы қаласы, ТжКБ ұйымының әдіскерлері, арнайы пән оқытушылары қатысты.
Семинар Алматы қаласы Білім басқармасы ҚББЖТҒӘО ТжКББ бөлімінің жетекшісі Г.Ж.Сүлейменованың алғы сөзімен басталды. Кіріспе сөзінде директордың оқу жұмысы жөнінен орынбасары А.Б.Алимжанова «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» және «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бағыттары бойынша халықаралық тағылымдаманың мақсат, міндеттерімен таныстырды.
Семинарда бағдарлама бойынша теориялық бөлімді арнайы пәндер оқытушылары А.К.Бекузакова «Швеция, Финляндия білім беру жүйесінің моделі» тақырыбында, З.Н.Нурдавлетова «Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру ортасының сапасын бағалауда ECERS шкаласын қолдану», М.А.Султанова «Функционалды сауаттылық – сапалы білім негізі» тақырыптарында таныстырды. Функционалды сауаттылықты дамытуға арналған зерттеу және практикалық жаттығу жұмыстары бөлімінде қалалық ТжКББ оқытушыларының қатысумен ұйымдастырылды. Практикалық жұмыс 5 бағыт бойынша жүргізілді.1бағыт, тақырыбы: «Мектепке дейінгі жастағы балалардың оқыту іс-әрекетінде шығармашылықтарын дамыту» Спикер: Г.А.Турганова. 2 бағыт, Тақырыбы: «Ғаламдық құзыреттілікке негізделген зерттеу жұмыстарын енгізу» Спикер: А.К.Жампеисова . 3 бағыт, тақырыбы: «Математикалық сауаттылық. Айырбастау бағамы” Спикер: Ж.Т.Ташкеева, 4 бағыт, тақырыбы: «Оқу сауаттылығын визуалды білімді қолдану арқылы дамыту” Спикерлер: И.Т.Ахметова, Г.Б.Кусманова. 5 бағыт, тақырыбы: «Мектепке дейінгі ұйымдарда табиғи ресурстарды қолдану арқылы жаратылыстан фунционалдық сауаттылығын қалыптастыру» Спикер: К.У.Керимбекова. Соңында ТжКББ жүйесінде білім беру сапасының артуы мен тартымдылығына SWOT талдау жасалып, рефлексия жүргізілді.

20 декабря 2023 года в Алматинском Казахском государственном гуманитарно-педагогическом колледже № 1 проведен городской семинар по итогам международной стажировки педагогов в Швеции, Финляндии.
Тема: Стажировка в Европе как бонус повышения качества образования в условиях колледжа.
Цель семинара: внедрение практических навыков и знаний педагогов, сформированных на основе международной стажировки, в учебно – воспитательный процесс.
Задача:
– установление связей в системе образования колледжа по библиотекам, музеям и учебно-воспитательной направленности;
– приобщение обучающихся к творчеству через воспитание свободы, уверенности;
– развитие читательской грамотности с применением визуальных знаний;
– ориентация обучающихся на создание проекта, основанного на систематических исследованиях в учебных дисциплинах
В семинаре приняли участие Сулейменова Г.Ж., заведующая отделом ТиПО ГНМЦНТО управления образования города Алматы, методисты организации ТиПО, преподаватели специальных предметов.
Во вступительном слове заместитель директора по учебной работе Алимжанова А.Б. ознакомила с целями и задачами международной стажировки по направлениям «Педагогика и методика начального образования» и «Дошкольное воспитание и обучение».
На семинаре преподаватели теоретической части программы специальных предметов А.К.Бекузакова по теме «Модель образовательной системы Швеции, Финляндии», З.Н.Нурдавлетова «Использование шкалы ECERS в оценке качества образовательной среды в дошкольных организациях», М.А. Султанова Тема «Функциональная грамотность – основа качественного образования» познакомили своими темами. По развитию функциональной грамотности провели практическую работу с участием преподавателей ТиПО. Практическая работа проводилась по 5 направлениям:
1 направление тема: «Развитие творческих способностей дошкольников в педагогической деятельности» Докладчик: Турганова Г.А.
2 направление Тема: «Внедрение научно-исследовательских работ на основе глобальной компетенции» Докладчик: Жампеисова А.К.
3 направление тема: «Математическая грамотность. Курс валют» Спикер: Ташкеева Ж.Т., 4 направление тема: «Развитие грамотности чтения с использованием зрительных знаний» Спикеры: Ахметова И.Т., Кусманова Г.Б 5 направление тема: «Формирование естественной функциональной грамотности путем использования природных ресурсов в дошкольных организациях» Докладчик: Керимбекова К.У.
В завершении проведен SWOT-анализ, рефлексия о повышении качества и привлекательности образования в системе ТиПО.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.