№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

«Біз мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру бағытындағы жұмыстарды үздіксіз жалғастыра береміз»

Тіл өткен тарихпен ғана емес, бүгін мен болашақты байланыстыратын құрал. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев«Біз мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру бағытындағы жұмыстарды үздіксіз жалғастыра береміз»,- деген болатын.
Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен
05 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының  «Тілдер мерекесіне» орай  колледждердегі  еуропалық  ұлтты  2 –курсстуденттері арасында
«Тіл –халық қазынасы» атты мемлекеттік тілді насихаттау мақсатындағы   қалалық  байқау 2023 жылы  28 қазан күні №1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік   колледжінің базасында өтті.
Мақсаты  Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту,студенттерді  отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне  деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, патриоттық рухта тәрбиелеу.Байқауға еуропалық  ұлтты 2 курста оқитын студенттер арасындағы  колледжішілік  байқаудың  жеңімпаздары  қатысты. Байқау үш кезең арқылы өтті. Байқаудың қорытындысы бойынша
1орын иегері «Алматы сервистік қызмет көрсету» колледжінің студенті Воронова Д.Н ( жетекшісі Кунтуарова Б.С), 2орын иегері ШЖҚ КМК «Жоғары медицина» колледжінің студенті Семина А.Д. (жетекшісі Қонақбаева А.С.) , 3орын иегері «Туризм және қонақжайлылық индустриясы» колледжінің студенті Костьянова Е.К.,(жетекшісі Тойбастар А.М.), «Алматы телекоммуникация және машина жасау» колледжінің студенті Бабкина М. А (жетекшісі: Таджикулова Р.А.) марапатталды.
«Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар» колледжінің студенті Балуев М.И.,(жетекшісі: Жуман Н.Д.), «Алматы құрылыс және халықтық кәсіпшілік» колледжінің студенті  Маслов С. М. , № 2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжінің студенті Мартынова П.В. ( жетекшісі: Дандыбаева Қ. Ж.), «Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар» колледжінің студенті Купамова М.М (жетекшісі:Масабаева М.А), КМҚК Алматы полиграфия колледжінің студенті Крепская Д. В. (жетекшісі: Керимбаева К.С.) түрлі номинациялармен марапатталды.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.