№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҚОРҒАНЫСЫ – ҚАЗАҚ САРБАЗДАРЫ»

2023 жылдың 3 мамыр күні Алматы қаласы Түрксіб ауданы 30-филиал орталық кітапханасында 7-мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған “Ұлы даланың қорғанысы – қазақ сарбаздары” атты салтанатты әскери патриоттық іс-шара өтті. Іс-шараға колледжіміздің «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің оқытушысы подполковник Қ.Т.Лахановтың жетекшілігімен «Жас сарбаз» клубы мүшелері және Алматы жоғары әскери құрлық училищесінің курсанттары қатысты.

Мақсаты: Студенттердің туған жерге, елге, тілге деген құрметін, сүйіспеншіліктерін арттыру, Отанын қорғауға әрдайым дайын болуға үйрету;

Бірлескен іс-шара барысында студенттер спорттық ойындар түрлерін, көркемдік өнерлерін көрсетіп көреремендер мен қонақтардың алғысына бөленді.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.