№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

«Кәсіптік білім – табысқа жету жолы» атты қалалық фестивалі аясындағы саяхат

2023жылдың 31-наурызында   «Кәсіптік білім – табысқа жету жолы» атты қалалық фестивалі аясында №76 жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушыларын Алматы қаласы, Медеу ауданы, №172 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мектеп базасымен және Түрксіб ауданы, №187 бөбекжай-балабақшасына мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығы негізінде мекемемен таныстыруға   саяхаттар жасалды.

Мақсаты: «Бастауыш білім беру», «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»  мамандықтарымен танысу, осы мамандықтардың қоғамда жоғары  сұранысқа ие  екендігін, маңызын, ерекшелігін дәріптеу, көрсету.

№172 мектеп-гимназиясымен оқушыларға осы оқу орнының бастауыш мектептің мұғалімі Н.С.Бекмұханбет оқу ғимаратымен таныстырылым жасап, «Бастауыш білім беру мұғалімі» мамандығының маңызы, ерекшелігі, болашағы туралы әңгімелеп берді. Саяхаттың жалғасы WSK 2022 Чемпионатының «Үздік маман» иегері Нұрғазы Мерейдің 4-сыныпта «Жаратылыстану» пәнінен «Жазықтар мен таулар» тақырыбындағы шеберлік сыныбымен жалғасты.

№187 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Ф.Қ.Омарбекова оқушыларды ғимараттың барлық танымдық- зияткерлік кабинеттерімен таныстырып шықты.“Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту” мамандығының маңызы, ерекшелігі, болашағы туралы әңгімелеп берді. Саяхаттың жалғасы WSK 2022 Аймақтық Чемпионатының 2 орын  иегері Бақтияр Толғанай мектепалды даярлық тобында ,жаңа бағдарлама негізінде «Ұлттық құндылықтар.Асық » тақырыбындағы ашық ұйымдастырылған іс-әрекетін көрсетті. Саяхат  барысында талапкерлерге болашақ мамандықтарын таңдауға, бағдар жасауға ықпал жасалды. Болашақ талапкерлер сұрақтарын қойып,мамандыққа деген қызығушылықтарын білдірді.

Саяхат  барысында талапкерлерге болашақ мамандықтарын таңдауға, бағдар жасауға ықпал жасалды.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.