№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

«АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ

2023жылдың 30-наурызында «Кәсіптік білім – табысқа жету жолы» атты қалалық фестивалі аясында «Ашық есік» күні өтті. Ашық есікке 500 ден аса Алматы қаласының Алатау, Бостандық, Түрксіб аудандарының жалпы білім беретін мектеп, мектеп-гимназияларының 9-сынып оқушылары қатысты. Талапкерлерге колледж ғимараттарына саяхат ұйымдастырылды. Саяхат барысында  колледждің материалдық-техникалық базасымен, оқуға қабылдау ережелерімен таныстырылым жасалды. Колледж қонақтары АКТ залында мерекелік іс-шараны тамашалап, интеллектуалды ойындарға қатысты. Іс-шара барысында колледжде дайындалатын мамандықтар туралы қажетті ақпараттар берілді. Талапкерлерге болашақ мамандықтарын дұрыс таңдау жасауға ықпал жасадық деген сенімдеміз. 2022-2023 оқу жылына оқуға шақырамыз!

 

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.