№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

Диплом алды тәжірибесі

“Дене тәрбиесі және спорт” мамандығы  41″Д ” топ студенттері «Диплом алды практикасын» Алматы қаласы,  Алатау ауданы, №180,№204  жалпы білім беретін мектептен өтуде.Практика жетекшісі Мухамеджанова У. Ж. Практика жоспарына сай студент-практиканттар  оқу-тәрбие жұмыстарына байланысты әртүрлі  іс-әрекеттерді мектеп қабырғасында ұйымдастырып өткізді. 41 «д» топ студенті Қанатқызы Құралай 4″Ә”сыныбында «Алғыс айту – парызым» ;4 ”З”сыныбында Нурахмет Айбар, Байназаров Наурызбек «Гүл мереке, Күн мереке 8-наурыз» тақырыптарына  ашық тәрбие сағаттарын өткізді. Студент практиканттардың өткізген тәрбие сағаттарының мазмұнында “Баскетбол әдісі”; “Мақал-мәтелдер жарысы”; “Тик-ток”; “Ашық хат”; “”Караокемен ән айту”; “Өлеңдер оқу”; “Басбармақ”; “Топпен жұмыс әдіс-тәсілдері, ақпараттық технологиялар  қолданылды. Студент-практиканттардың тәрбие сағатының жақсы көрсеткішпен өтуіне сынып жетекшілері Намазбаева К.С Арапбаева К.К тәжірибелерімен бөлісіп,әдістемелік көмек көрсеткені үшін  алғыстарын білдіреді.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.