№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

WorldSkills Kazahstan кәсіби шеберлік чемпионаты

2022 жылдың 05.12.–11.12. аралығында Астана қаласында VII ұлттық WorldSkills Kazahstan кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. Чемпионатқа 30 құзыреттілік бойынша республикамыздың кәсіптік техникалық колледждерінен 550 студент қатысты. «Бастауыш сыныптарда оқыту» құзыреттілігі бойынша чемпионатқа 4 курс студенті Нұрғазы Мерей қатысты. Чемпионат модульдерін қорғау барысында жоғары кәсіби шеберлігін көрсетті. Республикамыздың 3 бас қаласы,16 өңірінен қатысқан қатысушылардың алды болып,  WorldSkills Kazahstan 2022 чемпионатының «ҮЗДІК МАМАНЫ» атанды. Колледж ұжымын және жетекшілері Б.К.Онгарованы, С.С.Садибекованы, Ф.Б.Қылышбекті құттықтаймыз!

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.