№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

2022 жылдың 24-25 қараша айында Шығыс Қазақстан облысы

2022 жылдың 24-25 қараша айында Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында  Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының ұйымдастыруымен
Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінде  Қазақстан Республикасы колледждерінің арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Қ.Бітібаева атындағы І Республикалық олимпиада болды.
Мақсаты: Білім алушылардың қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білімдерін жетілдіру мен тереңдету, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Олимпиада екі кезеңнен болды. 1-кезең эссе жазу. Тақырыбы: «Дәуірдің дара ұстазы» 2- кезең ауызша қазақ тілі мен  қазақ әдебиеті пәндерінен және Қанипа Бітібаеваның публицистикасы бойынша сұрақтар қойылды. Олимпиадаға колледжіміздің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1курс  студенті  Рамазанова Назерке Нұрланқызы қатысып жеңімпаз 1 орынды және 100.000 теңге қаржылай сыйақы берілді.
Жетекшісі Еңсенова Еркін Төлентаевна Алғыс хатпен марапатталды.
Жеңімпаз студентіміз Рамазанова Назеркені жетекшісі Еңсенова Еркін Төлентаевнаны шын жүректен құттықтаймыз!

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.