№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

Халықаралық ынтымақтастық – үздіксіз дамудың негізі

Білім беру саласындағы  халықаралық  ынтымақтастықты дамыту – бұл заман талабы. Бүгін колледжге  Қырғызстан  Респуб­­ли­ка­сы­ның  Таштан Эрматов атындагы Бішкек музыкалык-педагогикалык колледжінің  ұстаздары келді. Бұл шара оқу орнымыздың  оқу, тәрбие, практика, әдістемелік  жұмыстарын тәжірибе алаңында көрсетуге, білім беру саласындағы  технологиялық жетістіктерін, әлемдік стандарттарға негізделген озық тәжірибелерімен  бөлісуге   мүмкіндік береді. Келген қонақтар  оқу процесін көзбен көріп, іскерлік  қарым-қатынас орнатып, тәжірибе алмасты. Заманауи озық  үлгідегі  колледж  кітапханасын  аралап, әдістемелік оқулықтардың авторларымен пікірлесті. Тәжірбиелі оқытушылардың  шеберлік сабақтарына қатысып, оқытудағы инновациялық әдістемелерімен танысты. Колледж  оқытушылары  мен студенттерінің өнерін тамашалап, ризашылық білдірді. Кездесу соңында колледж директоры М.Т.Мендгазиева мен  Таштан Эрматов атындагы Бішкек музыкалык-педагогикалык колледжінің директоры У.М.Турдалиев ынтымақтастық меморандумына  қол қойды. Болашақта  халықаралық ынтымақтастықты дамыту бағытындағы жұмыстарымызды  жалғастырып, шетелдік серіктестердің тізімін толықтыру  жоспарлануда.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.