№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

«ЖЕЛТОҚСАН» САЯБАҒЫНДА «АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ» АКЦИЯСЫНА КОЛЛЕДЖДІҢ ЕРІКТІЛЕР КЛУБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ҚАТЫСТЫ

Табиғат – тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, тіршіліктің түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні.Колледждің  еріктілер клубының жетекшісі Ақжол Жеңісбектің басшылығымен  ерікті жастар Республика күніне  орай  әсем қаланың  тазалығын сақтау және  көгалдандыру,  табиғатты  аялау, қорғау мақсатында «Желтоқсан» саябағына барып «ағаш отырғызу» акциясына қатысып келді. Күзгі ағаш отырғызу ісіне ұқыптылықпен қарап, саябақтың ажарын арайландыруға белсенділік танытты. Бұл игілікті іске  ат салысқан ерікті жастарға Түрксіб аудандық әкімшілігі алғыс білдірді.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.