№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

«WORLDSKIILS ALMATY -2022» КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ЧЕМПИОНАТЫ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

51 құзыреттілік бойынша 353 студент бақ сынаған WorldSkills Almaty 2022 аймақтық чемпионаты өз мәресіне жетті. “Бастауыш сыныпта оқыту” құзыреттілігі бойынша №1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжінің 3-курс студенті Нұрғазы Мерей Маратқызы компатриоты Садибекова Саулеш Санибековнаның жетекшілігімен І орынды иеленіп, дипломмен және “Алтын сертификатпен” жұмысқа орналасуға жолдама ала отырып, 150000тг ақшалай сыйлық пен демеуші Технодом компаниясының жеңімпаздарға ұсынған 51 компьютерлік планшетінің бірімен марапатталды. Ал, 4-курс студенті Дүйсенханова Толғанай Сәкенқызы компатриоты Бекузакова Ақбота Құрманғазиевнаның жетекшілігімен ІІІ орынды,  “Алтын сертификатпен” жұмысқа орналасуға жолдама және 50000тг ақшалай сыйлық иеленді. “Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту” құзыреттілігі бойынша 3-курс студенті Бахтияр Толғанай компатриоты Ағайдар Тоғжан Мейіржанқызының жетекшілігімен ІІ орын дипломмен және “Алтын сертификатпен” жұмысқа орналасуға жолдама, 100000тг ақшалай сыйлықпен марапатталды. Алдағы уақытта жеңімпаз білім алушыларымыз шеберлікке қадам басып, өз ісінің шебері атанарына сеніміміз мол!

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.