№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

КӘСІПТІК БАҒДАР/ШЕБЕРЛІК СЫНЫБЫ

 

2025жылдың 16 қазанында  колледжде «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында  9-сынып оқушыларына арналған «Шеберлік құпиялары» атты шеберлік  сыныбы өтті! Мақсаты: –мектеп оқушыларына «Шет тілі мұғалімі» мамандығы жайлы мәлімет беріп, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыт беру.

Шеберлік сыныбында оқушыларға шетел тілі мұғалімінің қоғамдағы орны,  ағылшын тілін үйретудің қыр-сыры, болашақтағы жұмыс мүмкіндіктері туралы тиімді ақпараттар берілді. Қызықты презентациялар ұсынылып, іскерлік ойындар ойналды. Қатысушылар белсенділік танытып, қызығушылықтарын көрсетті. Тіл үйрену – тек білім алу ғана емес, мәдениет пен дүниетанымды кеңейту жолы. Сондықтан, болашақ ұстаздар  қатарына қосылғысы келетін талапкерлерді «Шет тілі мұғалімі» мамандығын   таңдауға ұсыныс береміз. Осындай кәсіптік бағдар беру іс-шаралары–болашақ мамандықты саналы таңдау жасаудың алғашқы қадамы.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.