Алматы қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен 2025 жылғы 25 маусымда Алматы құрылыс-техникалық колледжінде “Profy Marathon – 2025” колледж түлектеріне арналған іс- шара өтті.Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылған бұл іс-шара, бүгінгі жас мамандар үшін ерекше маңызға ие болды.Оқу орнын аяқтап, мамандық иесі атанып жатқан түлектерге жұмысқа орналасу туралы табысталған сертификат – тек ресми құжат қана емес, болашаққа деген сенімнің, қолдаудың және жаңа үміттің символы болды. №1 Алматы қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжінің түлегі Сәрсенбаева Сымбатқа “Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі” мамандығына сәйкес, №44 мектеп-гимназиясына “Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі” лауазымына жұмысқа орналасқанын растайтын сертификат табысталды. Аталған студентіміз колледжде алған білім мен тәжірибесінің жарқын жемісі, нәтижесі ретінде бұл сертификатты өзі үшін үлкен мотивация және болашаққа жасалған нық сенімді қадам деп санайды. Колледж түлегі өз сөзінде сіздердің қолдауларыңыздың арқасында мен өз мамандығым бойынша еңбек жолымды бастау мүмкіндігіне ие болдым деді. Сөз соңында өзіне үлкен сенім артып, қолдау көрсеткен Алматы қаласы Білім басқармасының басшылығына, колледж директоры М.Т.Мендгазиеваға және колледж ұжымына шексіз алғысын білдірді.




