Алматы қаласы, Түрксіб ауданы №180, №187 бөбекжай-балабақшасында және №211 мектеп-гимназиясында «Бір мектеп – бір дағды» жобасы жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу шеңберінде жүзеге асырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға кәсіптік бағдар беру, еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларды меңгерту, сондай-ақ болашақ мамандықты таңдауға бағыт көрсету.
Жобаның өткізілу мерзімі:
- 2025 жылдың 7 сәуірі мен 18 сәуірі аралығы.
Жүзеге асырылған шаралар:
- Мектеп оқушылары №1 Алматы қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжінің базасында орналасқан заманауи жабдықтармен жабдықталған кабинеттерге экскурсия жасады.
- Сондай-ақ мектеп-гимназия және мектепке дейінгі ұйымдарға танымдық сапарлар ұйымдастырылды.
- Экскурсия барысында оқушыларға әртүрлі мамандықтар бойынша дидактикалық ресурстар көрмесі ұсынылды.
- Шеберлік сабақтар, педагогикалық жағдаяттар мен психологиялық тренингтер өткізілді.
Нәтижесі:
- Жоба аясындағы іс-шаралар оқушылардың тәжірибелік дағдыларын дамытуға ықпал етіп, олардың кәсіптік бағдарын айқындауға көмектесті. Сонымен қатар, педагогикалық және жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.





