№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

«WORLDSKIILS ALMATY -2025» АЙМАҚТЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ЧЕМПИОНАТЫ

2025 жылдың 9,10,11 сәуір күндері  АЙМАҚТЫҚ «WORLDSKIILS ALMATY -2025» «БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ОҚЫТУ» ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ БОЙЫНША КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ЧЕМПИОНАТЫ Түрксіб ауданы, №211 мектеп-гимназиясы алаңында өтті. Кәсіби шеберлік сайысына Алматы қаласының педагогикалық колледждері: №1 Алматы қазақ гуманитарлық-педагогикалық  колледжі, №2 Алматы гуманитарлық-педагогикалық  колледжі, «Бөбек» гуманитарлық колледжі, «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ құрамындағы Кәсіби білім беру колледжі, «ҚазНұр» гуманитарлық колледжі, ALT педагогикалық колледжі, Алматы экономикалық-құқықтық және педагогикалық колледжі қатысты.

Чемпионат  болашақта  білікті жас  кадрларды  даярлауға, жаңа идеялар мен трендтер жасауға кәсіби шеберлік дағдыларын жетілдіруге ықпал етеді.

53 құзыреттілік бойынша 350 студент бақ сынаған WorldSkills Almaty 2025 аймақтық чемпионаты өз мәресіне жетті. «Бастауыш сыныпта оқыту» құзыреттілігі бойынша №1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжінің 3-курс студенті Тәжіман Аяулым, компатриоты С.С.Садибекованың жетекшілігімен І орынды иеленіп,  дипломмен, 150 000тг ақшалай сыйлықпен марапатталды. Жүлделі ІІ орынды №2 Алматы гуманитарлық-педагогикалық  колледж студенті –Гущина Милана иеленіп,  дипломмен,100 000тг ақшалай сыйлықпен марапатталды. Жүлделі ІІI орынмен «Бөбек» гуманитарлық колледж студенті Төменғали Айдана және «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ құрамындағы Кәсіби білім беру колледж студенті Бахтыбаева Ақерке бөлісті. Жеңімпаз студенттер дипломмен, 50 000тг ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Алдағы уақытта жеңімпаз білім алушыларымыз шеберлікке қадам басып, өз ісінің шебері атанарына сеніміміз мол!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.