Алматы қаласы Білім басқармасының басшылығымен “Жұмысшы мамандықтар жылы” аясында «JasSkills Almaty – 2025» қалалық кәсіби шеберлік сайысын «№1 Алматы қазақ гуманитарлық – педагогикалық колледжі» КМҚК, Алматы қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің 9-сынып оқушыларымен өткізді. Бұл чемпионат (конкурс) «WorldSkills Kazakhstan» стандарттары бойынша негізделіп ұйымдастырылды.
WorldSkills чемпионаты – бүкіл әлем бойынша кәсіби дайындық пен біліктіліктің дәрежесі мен стандарттарын көтеру, жұмысшы мамандықтарын дүниежүзі бойынша халықаралық жарыстар өткізу арқылы танымалдығын арттыру.
JasSkills чемпионатының мақсаты – мектеп оқушыларының болашақ мамандығымен ерте танысуына және кәсіпке баулуға, саналы таңдауына серпін беру және мектеп оқушыларының колледжге түсуіне мүмкіндік тудыру.
Осы бағыт бойынша №1 Алматы қазақ гуманитарлық – педагогикалық колледжі қалалық кәсіби шеберлік чемпионатында педагогикалық мамандыққа бейіні бар оқушыларды анықтау, олардың болашақ мамандыққа деген мақсатын қолдау. Чемпионат Алатау ауданы «Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында» өтті. Қатысушыларды WorldSkills Almaty чемпионатының тәжірибелі эксперттері бағалады. Ұлттық тәрбие бағыты бойынша жобаның ғылымилығы мен практикалық маңыздылығына басымдылық беріп, жоба өнімін заманауи жаңашылдықпен ұштастырылған жұмыстар сарапшылар тарапынан жоғары бағаланды.
Кәсіби конкурс жүлдегерлері:
I дәрежелі диплом – Қадыржан Жұлдыз №198 мектеп-гимназия оқушысы.
II дәрежелі диплом – Кенжеханқызы Балнұр №181 жалпы білім беретін мектеп оқушысы.
III дәрежелі диплом – Марат Парасат №76 жалпы білім беретін мектеп оқушысы.
Сонымен қатар қатысушыларға сертификаттар табысталды.