Алматы қаласы, Түрксіб ауданы №180,№187 бөбекжай – балабақшасында және №211 мектеп – гимназиясында «Бір мектеп – бір дағды» жоба жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу шеңберінде жүзеге асырылып, оқушыларға кәсіптік бағдар беру, еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларды меңгертуге сонымен қатар, болашақ мамандықты таңдауға бағыт беру мақсатында ұйымдастырылды. 2025 жылдың 7 сәуір мен 18 сәуір аралығында жоба аясында мектеп оқушылары №1Алматы қазақ гуманитарлық – педагогикалық колледжінің базасында орналасқан заманауи жабдықтармен жабдықталған кабинеттерге және мектеп- гимназия, мектепке дейінгі ұйымдарға экскурсия жасалды. Экскурсия барысында оқушыларға әр мамандықтар бойынша дидактикалық ресурстар көрмесі, шеберлік сабақтар,педагогикалық жағдаяттар, психологиялық тренингтер өткізіліп олардың тәжірибелік дағдыларын дамытуға жағдай жасалды. Жоба аясындағы іс-шаралар оқушылардың кәсіптік бағдарын айқындауға көмектесіп, олардың педагог және жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ
Menu
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Пәндік-циклдік комиссиялар