№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

«ЖАҢА МАМАНДЫҚТАР АТЛАСЫ»

«ЖАҢА МАМАНДЫҚТАР АТЛАСЫ» семинары

         2025 жылдың 04 наурызында №1Алматы қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжінің базасында   «Жаңа мамандықтар атласы» бойынша   Ұлттық жоғары білім беруді дамыту орталығының өкілдерінің қатысуымен   методологиялық семинар ұйымдастырылды.  Аталған шараға Алматы қаласы Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының/колледж директорлары, директордың оқу  ісі жөніндегі орынбасарлары  қатысты.

Әдістемелік семинар спикерлері  “Мамандығым-Болашағым” жобалық кеңсесі басшысы –  О.Б.Сәкенов және сарапшы, білім беру бағдарламаларын әзірлеуші М.А. Скиба.

Әдістемелік семинар  барысында  қаралған мәселелер:
       «Мамандығым-Болашағым» жобалық кеңсесінің басшысы  О. Б. Сәкенов “Жаңа мамандықтар   атласы – алдыңғы қатарлы даярлықты қамтамасыз ету механизмі» тақырыбы аясында  жобаның негізгі көрсеткіштерімен таныстыра отырып, тиімді кадрлық қамтамасыз ету жүйесі және стейкхолдерлердің рөлі,   жаңа мамандықты ашу және білім беру бағдарламасына жаңа құзыреттерді интеграциялау жолдарын баяндады. Сонымен қатар Алматы Менеджмент Университетімен  (AlmaU)  бірге әзірлеген Алматы қаласының  Жаңа кәсіптер атласын жүзеге асыру барысымен таныстырды. 2035 жылы Алматыда 100 жаңа мамандық пайда болады деп жобалады.
Жоба  М.А. Скиба «Форсайт – принциптері мен пайдалану мүмкіндіктері» және «Инновациялық білім беру бағдарламалары: Атлас жаңа мамандықтар мен кәсіби дағдылар негізінде әзірлеу мен бейімдеу мәселелері мен сын-қатерлері» презентациялары аясында  Алматы қаласында  жаңа мамандықтар мен құзыреттердің атласын дайындауда  алдын ала кадрлық қамтамасыз ету жүйесінің концептуалды моделі, білім беру бағдарламарын әзірлеудің   негізгі мақсаты, белгілі бір салада мамандарды даярлауда   негізгі дағдыларды дамыту және қалыптастыру  SMART талаптарына сәйкестігі туралы ақпараттар берді.

Семинардың   екінші   интерактивті сессиясында  «Жаңа мамандықтар мен кәсіптердің Атласына негізделген инновациялық ОП әзірлеудің мәселелері»  тақырыбында директорлардың орынбасарларымен топтық жұмыс жүргізілді.
Семинар-тренинг жұмысының  нәтижесі  қорытындыланды.

 

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.