Coursera білім беру платформасының тиімділігі мен мүмкіндіктерін көрсету, оқу үдерісінде ұтымды қолдану мақсатында қаңтар айының 6 күні оқытушылармен әдістемелік семинар өткізілді.Семинар барысында Coursera платформасындағы әр түрлі салалар (инновация, көшбасшылық және менеджмент, мансаптық өсу, маркетинг, киберқауіпсіздік, эконометрика, деректерді талдау, адам дамуы, педагогика және психология) бойынша қамтылған курстардың мазмұны, қоғамның қарқынды дамуына сәйкес педагогтардың жеке дамуына және кәсіби білімін жетілдіруге қажетті контенттермен таныстырылып, пікірталастар болды. Болашақта курс барысында алған білімдерді сабақтарда тиімді қолданып, практикалық тұрғыда көрсету туралы ұсыныстар берілді.Әлемдегі ең танымал Coursera білім беру платформасындағы курстарды оқып, осы берілген мүмкіндіктерді ұтымды пайлануға кеңес береміз.
№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ
Menu
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Пәндік-циклдік комиссиялар