№1Алматы қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжінде алғаш рет “Мектепке дейінгі білім беру саласындағы көркемдік дағдылар” бағыты бойынша «Жібек жолы шебері» 4-ші халықаралық кәсіби конкурсы ұйымдастырылды. «Жібек жолы шебері» 4-ші халықаралық байқауы Бейжің халықаралық «WECO» білім және мәдениет компаниясы мен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Бұл байқау мәдени және кәсіби байланысты нығайтудың символы болып табылады.
Аталған халықаралық байқауының қатысушылары Пекин Фэнтай кәсіптік мектебінің қатысушылары Чэ Юньхань, Ли Синьянь, Чжан Янин, Чжан Ясинь және №1 Алматы қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжінің қатысушылары Данияр Жансая, Ерқанат Айшуақ, Рысбаева Гаухар, Темірбек Айзере, Амиржан Гүлнұр, Жұмақанова Аружан ,сондай-ақ тәуелсіз сарапшылар ретінде № 184 «Бөбекжай-балабақша» музыка жетекшісі А.О.Сариева, “№172 мектеп-гимназия” бейнелеу өнері пәнінің оқытушысы Б.Т.Жанысбаев, Пекин Фэнтай кәсіптік мектебінің мұғалімі Сунь Фань және Чу Цяо қатысты. «Мектепке дейінгі білім берудегі көркемдік дағдылар» конкурсының мазмұны екі санатқа бөлінді: балаларға арналған тақырыптық сурет және балаларға арналған ән айту тапсырылды. Конкурсқа қатысушылар берілген 60 минут уақыт ішінде өз бетінше таңдалған тақырыптық диапазон шеңберінде балаларға арналған тақырыптық сурет жасау керек болса, екінші «Ән айту» бойынша талаптарға сәйкес белгіленген репертуарды орындады. Колледж директоры М.Т.Мендгазиева халықаралық конкурстың қатысушылары мен тәуелсіз сарапшыларына колледж ұжымының атынан алғыс білдірді.