№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

«WORLDSKIILS ALMATY -2024» АЙМАҚТЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ЧЕМПИОНАТЫ

2024 жылдың 2,3 мамыр күндері АЙМАҚТЫҚ «WORLDSKIILS ALMATY-2024» КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ. Осы жылы чемпионатқа 53 құзыреттілік бойынша 380 студент қатысты. «Бастауыш сыныптарда оқыту» құзыреттілігі бойынша чемпионат №1Алматы қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледж алаңында ұйымдастырылды. Чемпионат  болашақта  білікті жас мамандарды даярлауға, жаңа идеялар мен трендтер жасауға, кәсіби шеберлік дағдыларын жетілдіруге ықпал етеді. Салтанатты шараны колледж директоры  М.Т.Мендгазиева  ашып,  қатысушы талантты жастарды құттықтап, сәттіліктер тіледі. Кәсіби шеберлік сайысына Алматы қаласының педагогикалық колледждерінен алты сайыскер қатысты. Сайыскерлер 3 модуль бойынша өздерінің білім, біліктерін шеберлікпен көрсетті. Нәтижесінде №1 Алматы қазақ гуманитарлық-педагогикалық  колледжінің 3-курс студенті Тойкетаева Ақерке компатриоты Ақбота Бекұзақованың жетекшілігімен жүлделі І орынды иеленді. Жүлделі II орынды №2 Алматы гуманитарлық-педагогикалық  колледжінің студенті Қамбарова Зарина және «Бөбек» педагогикалық колледжінің студенті Жақсыбек Балауса иеленді. Жүлделі III орынды “Ұлттық қазақ қыздар педагогикалық университеті” КЕАҚ құрамындағы кәсіптік білім беру колледжінің студенті Сатыбалды Жанель  иеленді. Барлық жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз! Ұлттық чемпионатта Алматы қаласының намысын қорғап, жүлделі орынмен оралады деген сенімдеміз!

Алдағы уақытта жеңімпаз студенттеріміз шеберлікке қадам басып, өз ісінің шебері атанарына сеніміміз мол!

 

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.