2024 жылдың 19 сәуірінде Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, №76 жалпы білім беретін мектеп базасында WorldSkills Almaty 2024 аймақтық чемпионаты мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының айлығы аясында №1Алматы қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледж студенттерінің «Заманауи мектептегі өзін-өзі басқару күні» тақырыбында өзін-өзі басқару күні ұйымдастырылды.
Мақсаты: білім алушылардың мектепті басқаруға қатысу құқықтарын жүзеге асыру, ұйымдастырушылық, коммуникативті қасиеттері бар, білімді, білікті, АКТ мен цифрлық технологияларды жетік меңгерген құзыретті болашақ ұстаздарды дайындау.
Бүгінгі іс-шараға «Бастауыш білім беру» мамандығының 4 курс студенттері мектеп директорының, мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасарының және бастауыш сынып мұғалімдерінің рөлін іскерлік ойын арқылы көрсетеді. Бұл арқылы болашақ мамандық иелеріне мамандықтарының жауапкершілігін, әлеуметтік маңызын түсінуге ықпал етіп, педагогикалық қызметке бейімдейміз.
Студенттер 3-сыныптарда қазақ тілі, математика, жаратылыстану пәндерінен ашық сабақтар және 2 сыныпта тәрбие сағаттары өткізеді. Сонымен қатар мұғалімдерге әдістемелік коучинг, ата-аналар жиналысын ұйымдастырады.
Өзін-өзі басқару күні барлық қатысушылар үшін қызықты да тиімді болады және болашақ ұстаздардың кәсіби дамуына үлкен ықпалын тигізеді деген ойдамыз.