№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

«МЕН КІТАПҚА ҚҰШТАРМЫН» «I AM A BOOKWORM»

13 желтоқсан күні “МЕН КІТАПҚА ҚҰШТАРМЫН”  “I AM A BOOKWORM” тақырыбында Алматы қаласы колледж студенттері арасында жұмыс оқу бағдарламасының мазмұны  негізінде  шетел әдебиеті жазушыларының шығармалары бойынша  қалалық сайыс өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: колледж студенттерінің жұмыс оқу бағдарламасы мазмұны деңгейіңдегі шетел әдебиеті шығармалары бойынша білім деңгейлерін анықтау. Сайысқа № 1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық -педагогтік колледжі,  Жоғары қазақ-түрік гуманитарлық –технологиялық колледжі, № 2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық -педагогтік колледжі, Шетел тілдері педагогикалық колледжі қатысты. Сайысты колледж директоры М.Т.Мендгазиева алғы сөзімен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сайысты әділ түрде бағалауға қазылар алқасы жоғарғы оқу орындарының білікті аға оқытушылары мен филология доктары тағайындалды. Сайыс барысында әр топ  дрес-код сақтап, таңдалған кітаптары бойынша басты кейіпкерлері рөлінде киініп келді.  Сайыс әр топтың таныстыруларымен басталып, негізгі 3 кезең бойынша жалғасты.

1-кезең шетел әдебиеті шығармалары бойынша құрастырылған викториналық сұрақтар Socrative сервисімен ұйымдастырылды, 2 -кезең Квест тапсырмаларын шешу, 3-кезең таңдалған шығарма бойынша көрініс арқылы қатысушылар шығармашылықтарын көрсетті. Сайыс жоғары деңгейде өтті.Сайыс қорытындысы бойынша Бас жүлдені № 2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық -педагогтік колледжі, жүлделі 1-орынды № 1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық -педагогтік колледжі, 2-орынды Шетел тілдері педагогикалық колледжі, 3-орынды Жоғары қазақ-түрік гуманитарлық –технологиялық колледжі иеленді. «Үздік жетекші», «Үздік ойыншы», «Полиглот», «Үздік лидер», «Креативті ойыншы» номинациялары бойынша марапатталды.

 

On December 13, on the theme “I AM A BOOKWORM” “I AM A BOOKWORM”, a city competition on the works of foreign literature writers was held among college students of Almaty based on the content of the study program.

The purpose of the event: to determine the level of knowledge of foreign literary works of college students at the content level of the work study program. Almaty Kazakh State Humanitarian Pedagogical College No. 1, Higher Kazakh-Turkish Humanitarian Technological College, Almaty State Humanitarian Pedagogical College No. 2, Pedagogical College of Foreign Languages ​​took part in the competition. The director of the college M. T. Mendgaziyeva inaugurated the competition with a foreword and wished success to the participants. Qualified senior lecturers and philology doctors of higher educational institutions were appointed by the jury to fairly evaluate the competition. During the competition, each group followed a dress code and dressed as the main characters from the selected books. The competition started with introductions of each group and continued in 3 main stages.

1st stage quiz questions based on works of foreign literature were organized by Socrative service, 2nd stage was solving quest tasks, 3rd stage participants showed their creativity through a scene based on the selected work. The competition was held at a high level. According to the results of the competition, the main prize was awarded to the Almaty State Pedagogical College No. 2, the Kazakh State Pedagogical College No. 1, the Kazakh State Pedagogical College No. 1, the Pedagogical College of Foreign Languages, the 3rd place technological college. Also students were Awarded by nominations “Best leader”, “Best player”, “Polyglot”, “Best leader”, “Creative player”.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.