№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

«Ұрпақтар сабақтастығы» атты республикалық ата-аналар форумы

Ел ордасы  Астанада «Ұрпақтар сабақтастығы» атты республикалық ата-аналар форумы өтті. Форумның мақсаты – ұрпақ тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді талқылау, отбасы институты мен ата-аналар жауапкершілігінің маңызына назар аудару, тәрбие процесіндегі ұрпақтар сабақтастығы мен ұлттық құндылықтардың рөлін арттыру. Форумның  пленарлық отырысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары А.Балаева, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Қыдырәлі, Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Дүйсенова, Денсаулық сақтау вице-министрі В.Дудник, орталық мемлекеттік органдардың,  қоғамдық қорлардың, құқық қорғау органдарының, ата-аналар кеңестерінің өкілдері, ғалымдар, Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы тәрбие процесіне жауапты мамандар,  барлығы 400 адам қатысты. Пленарлық отырыста А.Балаева Мемлекет басшысы К.Тоқаевтың форумға қатысушыларға арнаған жолдауы мен құттықтауын жеткізді.

 Форум барысында ұрпақ тәрбиесі мен отбасы құндылықтары, ата-аналар мен балаларды қолдауға арналған әлеуметтік жобалар, педаго­гикалық әдеп, күрделі мәселе­лердің оңтайлы шешімдері, ата-ана институтының маңызы, ұрпақ тәрбиесіне қоғам назарын аудару, балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу, жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы, балалардың цифрлық мәдениеті және т.б. мәселелер талқыланды

“Мектеп және ата-ана”, “Ата-ана және қоғам”, “Ата-аналар мен балалардың қауіпсіздігі”, “Ата-аналар мен балаларды әлеуметтік қолдау”, ” Ата-аналар мен балалардың цифрлық мәдениеті” тақырыптарында  түрлі  бағыттар  бойынша   секция жұмысы ұйымдастырылды.
«Ата-ана және қоғам” секциясында  директордың оқу-тәрбие жұмысының  орынбасары  А.А.Байтекеева  баяндама жасады. Форумға қатысушылар бала тәрбиесінде отбасы мен оқу орны  арасындағы байланысты нығайту, мемлекеттік органдардың күш-жігерін біріктіру қажеттігі туралы бірауыздан өз пікірін білдірді.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.