Оқу орнында оқу-тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес кезекті
«Адалдық сағаты» ұлы жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің жас ұрпаққа парасаттылық пен ізгілік туралы айтқан кемелді ойларына арналды. Адалдық сағаты Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы арқылы терең біліммен қатар әділеттілік, парасаттылық және сенім құндылықтарының маңызын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды. Аталған шарада топ жетекшілері мен білім алушылар адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі екендігі, адамның өз ұжданы алдында адал, шыншыл болу – өзіне-өзі қасиетті болуынан, өмірде ең бастысы – адамдық парасаттылық, білім, жоғары кәсіпқойлық және өз Отанына адалдық екендігі туралы пайымды ой -пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ білім алушылар «Адалдық – бақыттың кілті» деген пікірмен келісесіз бе? деген сұрақтарға жауап беріп, өзара пікір алмасты. Ұлы ұлт даму үшін ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу керек. Күнделікті қоғамнан алынған бейнефильм көріп, ойланып, тұжырым жасап, мейірім, адалдық қасиеттерін шыңдай түсті. «Білім мен біліктілігіңді көрсетесің, тәрбиемен тектілігіңді танытасың» деген сөз өте орынды айтылған. Өскелең жас ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңдіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруда осындай сағаттардың тәрбие жұмысындағы маңызы зор.
«Адалдық сағаты» .Ұлы жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің жас ұрпаққа парасаттылық пен ізгілік туралы айтқан кемелді ойлары пікір алмасу