№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің кеңесімен бірлескен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кездесу

Колледжімізде оқу-тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің кеңесімен бірлескен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кездесу өтті.
Кездесуге Алматы  қаласы бойынша «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ кеңесшісі , Алмалы аудандық «Almaty – Adaldyq Alańy» жобалық кеңсесінің басшысы М.М.Қалимолдин,
Түрксіб аудандық  «ЖАҢАРУ» » РҚБ өкілі М.М.Ахметсафин,  тәжірибелі заңгер Э.Б.Таубаева, кеңес мүшесі Ю.А.Скоробогатова  қатысты.
Кездесудің мақсаты – жастарға ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының ережелерін түсіндіру, қоғамда кез-келген сыбайлас жемқорлық  көріністеріне  төзбеушілік  қатынасты қалыптастыру, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты жандандыру  болды.
Келген қонақтар  осы мәселеге қатысты білімді, өзіндік пікірі және берік ұстанымы бар шығармашыл жастарды тәрбиелеу қажеттігін, білікті мамандық иесі болу үшін алдымен терең білім мен қабілеттің болуы, жетістіктерге өз еңбектерімен жету керектігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жастарды сыбайлас жемқорлық  мәселесіне қатысты өзінің пікірі мен азаматтық ұстанымын қалыптастыру, мемлекет алдындағы жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге бағыттады. Білім алушылар тарапынан сұрақтар қойылып, өз ойларын білдірді.
Бұл іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыратын, студенттердің дүниетанымдық тұтастығын қалыптастыруға мүмкіндік беретін жастардың позициясының жарқын көрсеткіші болып табылады.

«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің кеңесімен бірлескен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кездесу барысынан.

Кездесу барысында білім алушы жастар өз ойларын айтты.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.