№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

ДИПЛОМ АЛДЫ ТӘЖІРИБЕСІ

41 «Б» топ білім алушысы Нұрғазы Мерейдің ұйымдастыруымен математика пәні бойынша «Көбейту мен бөлудің белгісіз компоненттерін табуға берілген есептер» тақырыбында №146 мектеп-лицейінің 2 «Е» сыныбымен 2-наурыз күні жүргізілді. Практика жетекшісі Кенжеева Г. К.

Сабақтың шымылдығын ашу үшін қонақтарға арналған шағын сыныпты таныстыру бейнематериалы көрсетілді. Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін «Өзіңе қажетті ал» әдісін пайдалану топ ережелерінің құндылықтарын естерінде сақтауға үлкен мүмкіндік берді.

Оқушыларды «Сықырлауық» әдісі арқылы төрт топқа бөлуі және топ атаулары ортақ тақырыпты қамти отырып сабақ барысында қолданылды. Топтарды бағалау «Білім – теңіз, топтар – кеме» әдісімен жүргізілді. Алдыңғы меңгерілген «Сәйкес түймелер» әдісі арқылы оқушылардың есептеу дағдылары мен саусақ моторикасы дамытуға бағытталды.

Сабақ тақырыбы мен мақсатын оқушылар «Құрама» әдісі барысында өздері анықтап, Jamboard онлайн тақтасында жаңа білімді меңгеруге бағытталған «Модельді сызба» тапсырмасын орындады.  Сабақ барысында «Кері есеп», «Колемді модель», «Серуеншіл доп», «Цифрлы шаш», «Жұмыртқалы себет», «Құпиялы сандық» әдістері пайдаланды. Оқушылар тапсымаларды әртүрлі форматта, түрлі оқыту ресурстарын қолдана отырып орындау арқылы тақырыпты толық меңгере алды. Ол «Саусақ ізді шарлар» рефлексиясында айқын байқалды.

Нәтижесінде білім алушының теориялық-әдістемелік білімінің жоғары деңгейде болуы, оқушылармен жұмыс жүргізе алу қабілеті, әрбір кезеңнің уақытылы және жүйелі ұйымдастырылуы және оқушылардың белсенділігі сабақтың мақсатына жетуіне көмектесті.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.