№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

ПРАКТИКАЛЫҚ ОҚУ СЕМИНАРЫ

Оқу орнында 6 қаңтар күні «Оқытушылардың ақпараттық құзыреттіліктерін жетілдіру және дамыту» тақырыбында  практикалық оқу семинары өтті. Мақсаты: Сандық технологияларды практикалық түрде қолдану арқылы, оқытушылардың  сандық және АКТ құзыреттіліктерін дамыту;

Жылдық жоспарға сәйкес семинарлар циклі ПЦК оқытушыларына практикалық  тұрғыда өтілді. Информатика пәнінің оқытушылары  Қылышбек Фарида Байжанқызы «THINGLINK» бағдарламасын  интерактивті дидактикалық білімдерді құру құралы ретінде қолдану жолдары. Омаров Батыр Оразкенұлы «3д эфектіні пайдаланып презентация жасау жолдары», Қылышбекова Назгүл Саттаровна «Learnis» бағдарламасының  мүмкіндіктері тақырыптарын  ПЦК оқытушыларына  түсіндіріп, практикалық тапсырмалар орындатты. Мұндай бағдарламалардың оқытушылардың  өз сабақтарында тиімді қолдануына  зор мүмкіндіктерін беретініне сенімдіміз.

 

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.