№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

Жалпыреспубликалық патриоттық диктант

Бүгін  оқу орнында  25 қазан Республика күніне орай  бір мезгілде
сағат 10.00 де  жалпыреспубликалық  патриоттық  диктант жазу шарасы өтті. «Біздің Отанымыз» және «Родная земля» тақырыбындағы жалпыреспубликалық  диктант жазуға 1-2 курс білім алушылары белсене қатысты.  Мақсаты: Елін, жерін сүйетін патриот азамат тұлғасын қалыптастыру, қатысушыларға қазақ және орыс тілдерінде  сауатты жазу деңгейін анықтауға мүмкіндік беру.Барлық жұмысты қазақ тілі мен орыс тілі мамандарынан құрылған жұмыс тобы тексеріп, бағалады. Жалпыреспубликалық  диктант жазу шарасының барысын  Алматы телеарнасының  тобы  түсірді. Сондай-ақ   “Алматы-ақшамы” қоғамдық-саяси газетінің   бұқаралық ақпарат өкілдері   келіп колледж директоры М.Т.Мендгазиевадан сұхбат алды.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.