№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

«Мен өз ісімнің шеберімін» атты әдістемелік апталықта ашық сабақтар өткізілді.

Ағымдағы жылдың 12-17 сәуір аралығында «Мен өз ісімнің шеберімін» атты әдістемелік апталықта ашық сабақтар өткізілді.

Әдістемелік апталықтың мақсаты: колледждегі білікті де білімді оқытушылардың тәжірибесін тарату.

Апталық аясында арнайы пән оқытушылары У.Ж.Мухамеджанова, А.Т.Айтбаева, С.Ж.Дөненбай және тарих пәнінің оқытушысы Ә.К.Әлихан  жаңа технологияларды қолдана отырып өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Сабақтарында білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыратын әдіс-тәсілдердің қолдану жолдарын көрсетіп, топпен белсенді жұмыс жасады. Апталықта көрсетілген ашық сабақтар ұжым тарапынан жоғары деңгейде өткізілді деп бағаланды.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.