Оқу орнында қаңтардың 15 күні «Оқытушылардың Digital skills» цифрлық құзыреттіліктерін дамыту және жетілдіру» тақырыбында практикалық оқу семинары өтті. Мақсаты: Оқытушыларды жасанды интеллекттің негізгі ұғымдары мен мүмкіндіктерімен таныстыру, ЖИ құралдарын оқу үдерісінде тиімді, этикалық және қауіпсіз қолдану жолдарын көрсету, сондай-ақ оқыту сапасын арттыру үшін заманауи цифрлық технологияларды пайдалану дағдыларын дамыту.
Семинарды информатика пәні оқытушылары- Токмурзаева Мадина және Айтбаев Елдос ашты. Олар өз презентацияларында жасанды интеллекттің түрлері және білім беру саласындағы қолдану бағыттары, оқу материалдарын дайындау, бағалау, кері байланыс беру және студенттердің оқу белсенділігін арттыруда ЖИ-ді тиімді пайдалану жолдары туралы ақпарат берді. Информатика пәні оқытушылары: Абай Құлан «Curipod платформасы – жасанды интеллект негізіндегі сабақ құру құралы» тақырыбында, Талғатқызы Бағлан «To teach: оқытушыларға арналған интеллектуалды цифрлық көмекші» тақырыбында платформа мүмкіндіктерін түсіндіріп, практикалық жұмыстар жасатты.
#БілімБерудеЖаңашылдық #ПедагогтарДамуы #КолледжОқытушылары







