№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

КАСКАДТЫ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ — ТӘЖІРИБЕ МЕН ИДЕЯ АЛМАСУ АЛАҢЫ!

2026 жылдың 14 қаңтарында «Америка құрама штаттарының кәсіптік білім беру тәжірибесі» халықаралық тағылымдаманың қорытындысы бойынша оқу орнында каскадты оқыту семинары өтті. Семинар барысында халықаралық тағылымдамадан өткен Онгарова Баян Кенесовна, директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары әріптестерімен: Нуркасова Ж.А., Жумамуратова А.А., Джелилова Г.С., Жанысбекова У.Қ., Массачусетс және Иллинойс шттаттарындағы оқу орындарынан (Harvard University, Massachusetts Institute of Technology,  University of Illinois, Morse elementary school, Mundelein High School, Central High School, College of Lake County, Parkland College) алған білімдерімен, тәжірибелерімен бөлісті. АҚШ тың кәсіптік білім беру жүйесінің құрылымы, білім беру бағдарламалары, негізгі ерекшеліктері, артықшылықтары, қиындықтары, қаржыландыруы, кәсіптік білім беру жүйесінің озық тәжірибелері туралы ақпараттар беріп, практикалық жұмыстар жасатты. Қатысушылар АҚШ тың кәсіптік білім беру жүйесін зерделей отырып, инновациялық әдістермен, заманауи педагогикалық тәсілдермен өз кәсіби шеберлігін арттырды.

Бұл семинар- білім сапасын арттыруға, оқытушылардың көшбасшылық әлеуетін дамытуға бағытталған маңызды қадам.

#БілімБерудеЖаңашылдық #ПедагогтарДамуы #КолледжОқытушылары #USATəжірибесі #БілімКөшбасшылары

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.