Семинар аясында «Техникалық және кәсіптік білім беру педагогтерінің білім беру процесін жобалаудың заманауи құралдары» тақырыбында Мухамеджанова У.Ж., Мусаханова К.Т., Мухаметжанова К.С. және Турганова Г.А. баяндама жасап, оқу үдерісін тиімді жоспарлау мен цифрлық құралдарды қолданудың маңыздылығына тоқталды.
«Scaffold құралдарын пайдаланып оқу сабақтарын жобалау» тақырыбында Алимбекова А.А., Оразымбетова А.К. және Какежанова М.Д. оқу сабақтарын кезең-кезеңімен құрастыру, білім алушыларды қолдау стратегияларын тиімді қолдану жолдарын ұсынды.
Сонымен қатар, Беделхан А.Ғ. «Білім беру инновация жағдайындағы колледж әдіскерлерінің кәсіби құзіреттілігі» тақырыбында әдіскерлердің жаңа талаптарға сай кәсіби дамуы мен инновациялық ортадағы рөліне тоқталды.
Семинардың қорытынды бөлімінде «Қаржылық сауаттылық» тақырыбында Дауренханова Ж.Ж. мен Турсынгожин Д.Қ. қаржылық білімнің оқытушылар мен білім алушылар үшін маңызын атап өтіп, оны оқу процесіне енгізу жолдарын талқылады.
Өткізілген семинар педагогтер үшін тәжірибе алмасуға, кәсіби шеберлікті арттыруға және заманауи білім беру үрдістерін меңгеруге үлкен мүмкіндік берді.




