Коучинг барысында екі өзекті тақырып қарастырылды.
Алғашқы тақырып – «СӨЖ және ПСӨЖ тапсырмаларын әзірлеу және бағалау». Коучингті жүргізген Балтабай Ж.Б. білім алушылардың өзіндік жұмысы (СӨЖ) мен педагогтің жетекшілігімен орындалатын өзіндік жұмыстың (ПСӨЖ) маңыздылығына тоқталды. СӨЖ және ПСӨЖ тапсырмаларын дұрыс жоспарлау білім алушылардың жауапкершілігін арттырып, сыни ойлау, ақпаратты талдау, өз ойын дәлелді жеткізу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік беретіні атап өтілді.
Екінші тақырып – «Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру – білім беру сапасының негізгі көрсеткіші». Бұл тақырыпты Бекұзақова А.Қ. және Құсманова Г.Б. ашып көрсетті. Функционалдық сауаттылық – білім алушылардың алған білімін күнделікті өмірде, түрлі жағдаяттарда қолдана алу қабілеті екені атап өтілді. Спикерлер функционалдық сауаттылықты дамытуда практикалық тапсырмалардың, өмірмен байланысты жағдаяттардың, жобалық және зерттеу жұмыстарының маңызына тоқталды.
Коучинг барысында педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісіп, ұсынылған әдіс-тәсілдерді талқылады.
Қорытындылай келе, аталған әдістемелік коучинг білім беру үдерісінде СӨЖ және ПСӨЖ жұмыстарын тиімді ұйымдастыру мен функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың өзара тығыз байланысты екенін көрсетті.


