№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

Жас мамандарға арналған әдістемелік семинар: «Оқытудың деңгейлі бағдарламасы: жаңашыл тәжірибе және ізденіс»

2026 жылдың 5 қаңтарында сағат 10.00-де конференция залында жас мамандарға арналған әдістемелік семинар өткізілді. Семинардың негізгі мақсаты – оқытудың деңгейлі бағдарламасы аясында заманауи педагогикалық тәсілдерді меңгерту, жас ұстаздардың кәсіби ізденісін қолдау және тәжірибе алмасу.

Семинар барысында Капасова А.А. және Балтабай Ж.Б. «Scaffold құралдарын пайдаланып оқу сабақтарын жобалау» тақырыбында тәжірибелік мысалдар арқылы сабақ құрылымын тиімді ұйымдастырудың маңызын көрсетті.

Бекұзақова А.Қ. «Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру – білім беру сапасының негізгі көрсеткіші» тақырыбында сөз сөйлеп, білім алушылардың өмірде қолдана алатын дағдыларын дамытуға бағытталған жұмыстардың өзектілігін атап өтті.

Семинар жас мамандар үшін пайдалы тәжірибе алаңы болып, кәсіби дамуға серпін берді. Қатысушылар жаңа идеялармен танысып, өз сабақтарында қолдануға болатын тиімді әдістерді меңгерді.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.