: 9-сынып оқушыларын информатика пәні мұғалімі мамандығымен таныстыру, осы мамандықтың қоғамдағы рөлін, маңызын түсіндіру және оқушылардың педагогикалық әрі ІТ бағыттарына қызығушылығын арттыру. Саяхат барысында мектептің тарихымен, материалдық-техникалық базасымен танысып, шеберлік сыныбына қатысты. «Информатика» мамандығының 4 курс білім алушылары «Virbo, Characte. Ai,Gemini» жасанды интеллект бойынша практикалық жұмыстар көрсетіп, оқушылармен кері байланыс орнатты.
Оқушылардың болашақ мамандығын таңдау алдында мұндай тәжірибе-нақты бағыт пен сенімді қадам!
