№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

КӘСІПТІК БАҒДАР/ӨНДІРІСТІК САЯХАТ

2025 жылдың 19 қарашада жұмысшы мамандықтар жылы аясында Медеу ауданы білім бөлімінің қолдауымен №166 бөбекжай-балабақшасында  9 сынып оқушыларына «Мамандығын таңдаған жас- болашағын таңдаған» атты өндірістік саяхат ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларға мамандық таңдаудың маңыздылығын түсіндіру, «Мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарының тәрбиешісі» мамандығын жарнамалау. Саяхат бөбекжай-балабақшаның ауласымен, ғимаратымен танысудан басталды. Балабақша  меңгерушісі Атханова Эльмира Бектургановна саяхат барысында балабақшаның тыныс-тіршілігі туралы әңгімелеп, балаларға арналған заманауи ресурстармен  таныстырды.

Өндірістік саяхат «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының студенттерінің шеберлік сыныбымен жалғасты. VR жасанды интелект арқылы балалармен бірге  су асты әлеміне саяхат жасады. «Еңбекқоар ара» ертегісі  мектепалды «Тұлпар» тобы балаларының қатысуымен сомдалды.  Explorer, Guiver ЖИ бағдарламалары арқылы суреттерді қозғалтып, жан бітіріп кішкене бүлдіршіндерді қызықтырды. «Бестемше» ұлттық ойыны мектеп оқушылары және  балалармен бірге ойналды. «Ой жалғау» әдісі арқылы тәрбиеші мамандығы  туралы оқушылармен  диалог жасалды. Іс-шара соңында оқушылармен «Флэш» карта әдісі арқылы кері байланыс  жүргізілд. Оқушылар өздерінің бүгінгі саяхаттан, шеберлік сыныбынан алған әсерлерімен, ой -пікірлерімен бөлісті.

Саяхат, шеберлік сыныбы арқылы оқушыларға тәрбиеші мамандығына деген қызығушылық тудырдық деп ойлаймыз.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.