№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

КӘСІПТІК БАҒДАР/ДУБЛЕР КҮНІ

Бүгін 2025 жылдың 22 қазанында Алматы қаласы, Медеу ауданы, №172 мектеп-гимназия базасында жұмысшы мамандықтар жылы аясында №1Алматы қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледж студенттерінің «Көшбасшыға айналған күн» тақырыбында дублер  күні ұйымдастырылды.

Мақсаты: мектеп оқушыларына педагогикалық мамандықтың қоғамда алатын орны, маңызы туралы ақпарат беріп,  мұғалімнің жеке кәсіби қабілеттерін көрсету арқылы педагогикалық мамандықты дәріптеу.

Бүгінгі ұйымдастырылып отырған дублер күніне «Бастауыш сынып мұғлімі» біліктілігінің 3курс студенттері қатысуда. Олар мектеп директорының, мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасарының және бастауыш сынып мұғалімдерінің рөлдерін іскерлік ойындар арқылы көрсетті. 3-сыныптарда әдебиеттік оқу, математика, жаратылыстану, еңбекке баулу, денешынықтыру пәндерінен ашық сабақтар және 2 сыныпта тәрбие сағаттары өтілді. Сонымен қатар  ата-аналарға дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдері дублер күні арқылы өздерінің әдістемелік білімдерін, кәсіби шеберліктерін шыңдауға үлкен мүмкіндіктер алды. Болашақ мамандықтарының маңызын, жауапкершілігін түсінді.

Дублер күні барлық қатысушылар үшін қызықты да тиімді болды. Біздің болашақ ұстаздарымыздың кәсіби дамуына үлкен ықпалын тигізсе, ал қатысқан қонақтарымыз- мектеп оқушыларына бастауыш сынып мұғалімінің жеке қасиеттері, құзыреттері арқылы осы мамандыққа деген қызығушылықтарын оятты.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.